«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ-нің басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-1

Орташа лауазымдық айлықақы

688752

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

Функционалды міндеттер

Басқарманың қызметін басқару.

Басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапкершілікке ие.

Басқарманың құрылымын әзірлеу және басқарма басшысының орынбасарлары арасында функционалдық міндеттерді бөлу.

Стратегиялық және ағымдағы жоспарларды бекіту.

Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін, басқарма қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту.

Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін бөлу және қажеттілігіне қарай олардың қызметіне түзетулер енгізу.  

Өңірде саяси жоспарлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Өңірдегі жастар жағдайын  зерттеу және талдау.

Облыс әкімінің ақпараттық және аналитикалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын ұйымдастыру.

Өңірде болып жатқан қоғамдық-саяси үрдістердің және тенденциялардың дамуын жан-жақты және объективті зерделеуді, қорытындалуды және талдауды жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасының Министрліктерімен маңызды саяси үдерістерді өткізу барысында пайда болатын сұрақтарды шешу бойынша өзара іс-әрекеттестікті жүзеге асыру. 

Өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайларды, саяси партиялардың және басқа қоғамдық бірлестіктердің қызметінің мониторингін, талдау және болжауды ұйымдастыру.

Өңірдегі қоғамдық-саяси үрдістердің талдауын және мониторингін жүргізу саласында басқарманың жұмысы бойынша аналитикалық есептердің сапалылығына бақылау жүргізу.

Облыс мекемелерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіру.

Басқармада заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Басқарма қызметін қаржыландыру мәселелерін шешу.

Басқарманың кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру.

Заңмен белгіленген тәртіпте басқарма қызметшілерін марапаттауды жүзеге асыру.

Заңмен белгіленген тәртіпте басқарма қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану.

Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығару, тапсырмалар, нұсқаулар беру, қызметтік құжаттарға және алқа шешімдеріне қол қою.

Әкімшілік-қаржы бөлімінің жұмысын басқару.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.02.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.02.2023 – 21.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

23.02.2023

Сұхбаттасу орны

Петропавл қ., Қазақстан Конституция к-сі,58 107 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(715-2)504497