СҚО Айыртау ауданының Казанка ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маман - жерге орналастырушы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

E-G-3

Орташа лауазымдық айлықақы

90963 - 122463

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Құқық
  • Агрономия
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Құрылыс
  • Аграрлық техника және технология
  • Жерге орналастыру
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Ауылдық округ аумағында жер реформасын өткізу, жерді қорғау мен пайдалануға мемлекетік жүзеге асыру, ауылдық округ шекараларында жерге орналастыруды жүргізу, жерді тиімсіз пайдалану мен пайдалануды анықтау және оларды қайта бөлу үшін жер қорларын құру. Жерлерді тиімді пайдалану, жер ресурстарын қорғау бойынша бағдарламаларды өңдеуге қатысады.Жылжымайтын мүлікке құқықтық меншіктігі тіркелмеген жеке тұлғалармен жұмысын ұйымдастырады, құқық белгілеуші құжаттарды рәсімдейді жеке тұлғаларға көмек көрсетеді. Жер учаскелерін өлшейді, кадастрлық жоспарда жер учаскесінің орналасу сызбасын дайындайды. Жер учаскелерін қолдануын және құқықтық иеленуді растайтын құжаттарды есепке алып дайындайды. Жер заңдылығы бойынша азаматтарға кеңес береді.

Коммуналдық меншікке берілетін объектілер тізімі туралы ұсыныс жасап және өңдейді, иесіз мүлік ретінде есепке қояды. Ауылдық округтің автомобиль жолдарын ұстау және жөндеу, қайта құруын, құрылысын, иесіз мүлік есебін жүргізеді.Техногендік және табиғи төтенше жағдайын және қауіп –қатерін алдын-алу шараларын іске асырады. Антитеррорлық, аумақтық, азаматтық қорғаныс, тасқынға қарсы және өртке қарсы шараларын іске асырылуын бақылап, жоспарын құрайды.

Әскери міндеттілерді  үш күндік мерзімде әскери есепке тұрғызу және қызмет көрсетілетін аумаққа тұрақты немесе уақытша тұруға келіп жатқан әскерге шақырылғандарды есепке  алу.Жыл сайын желтоқсанда мерзімді әскери қызметке дайындауға жататын және  тіркелуге жататын жастардың тізімдерін құрастырып, ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімге ұсынып тұру.

Интернационалист-жауынгерлерді, Чернобыль АС-ның апатын жоюға қатысқандарды, ҰОС қатысқандарды және оларға теңестірілген тұлғаларды нақты  есебін жүргізу. Азаматтарға әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді түсіндіру және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.Қазақстан Республикасының заңнамаларында және ауылдық округ аппаратының ережесінде қарастырылған өзге де функцияларды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.02.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.03.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

11.03.2020

Сұхбаттасу орны

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл селосы, Ш.Уәлиханов көшесі 44

Анықтама алу үшін байланыс

8(71533)21483