«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ- нің басшысы - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

688752

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринария (білім беру саласы)

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн және осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа да міндетті білімдерді білу. «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін», «Ветеринария туралы», «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу

Функционалды міндеттер

Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Басқарманың ережесінде көзделген функцияларды жүзеге асыру. Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді. Орындауға жіберілген жоспарлы құжаттарды, нормативтік-құқықтық актілерді бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы түрде ұсыну бойынша шаралар қолданады. Өз орынбасарының және Басқарма мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды. Заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. Заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады. Басқарманың құзіретіне кіретін барлық өкімдік, қаржылық және өзге де құжаттарға қол қояды. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді. Жеке және заңды тұлғалардан ветеринария мәселелері бойынша келіп түскен өтініштерді қарап, ветеринариялық заңнама бойынша кеңес және түсінік береді. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін басқаруды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

А функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.12.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.12.2022 – 12.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

14.12.2022

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 107 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

87152340216