«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ-сі агрономия бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Өсімдіктерді қорғау туралы», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Қоғамдық кеңестер туралы», облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарын, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын).
Функционалды міндеттер
Қызмет түріне мемлекеттік лицензия алған заңды және жеке тұлғалардың тізілімін басқару сайтында орналастыра отырып, пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу және пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады.
Бойынша бағдарламаларды іске асырады:
- тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда)құнын субсидиялау,
- саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялау;;
- пестицидтерді (улы химикаттарды)залалсыздандыру;
- басым дақылдарды және көпжылдық екпелер өндірісін субсидиялау.
- ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау.
Өсімдік шаруашылығы саласында (нақты егіншілік) цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған іс-шараларды іске асыру.
Бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтиже көрсеткіштерін және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуді жоспарлауды жүзеге асырады:
- тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда)құнын субсидиялау;
- көпжылдық екпелер өндірісін субсидиялау;
Осы бюджеттік бағдарламаларды ауыл шаруашылығы министрлігімен келіседі.
Бөлімде кіріс құжаттарын тіркеу есебін жүргізеді.
Құжаттардың орындалу мерзімдерінің сақталуын бақылайды.
Кеңестер өткізу үшін материалдар дайындайды.
Істер номенклатурасы бойынша мұрағатқа тапсыру үшін құжаттарды дайындайды.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ak.syzdykova@sko.gov.kz
- 09.12.2022
- Петропавл қ., Қазақстан Конституция к-сі,58 107 каб.
-
8(715-2)50-44-97