28 ақпанда СҚО-да Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтеді
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасы аясында 28 ақпанда Петропавлда және барлық аудандарда «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» өтеді.
Бұл туралы СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығының тұрғындарымен кездесу барысында жариялады
Азаматтарды қабылдау облыс және қала басшылығы, атқарушы, сот және құқық қорғау органдарының басшыларының, қаржы институттары мен коммуналдық кәсіпорындардың өкілдерінің қатысуымен өтеді.
Тұрғындарды бірыңғай қабылдау халықпен кері байланыстың тиімді тетігі болып табылады. Келушілер басшыларға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алады.
🏢Өтетін орны: С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының жаңа ғимараты, Жамбыл Жабаев көшесі, 88.
🗓Күні мен уақыты: 28 ақпан, сағат 10:00.
📞Консультация алу үшін телефон: 8 (7152) 34 02 04.