Меню

Страницы

Статья

Цифрлық құжаттар

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) уәкілетті органдармен бірлесіп «еgov mobile» мобильдік қосымшасында «цифрлық құжаттар» сервисін (бұдан әрі-Сервис) іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сервис азаматтарға электрондық форматтағы мобильдік қосымша арқылы құжаттарды (жеке куәлік, туу туралы куәлік, жүргізуші куәлігі және т.б.) қарауға, сондай-ақ оның анықтығын тексеруге мүмкіндік береді.

Базалық құжаттарды электрондық форматта (жеке куәліктер, дипломдар, жүргізуші куәліктері және басқа да құжаттар) ұсыну құралдарын іске асыру және енгізу азаматтардың күнделікті мәселелерін жедел шешу қажеттілігіне негізделген.

Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша бүгінгі күні «еGov mobile» мобильдік қосымшасында цифрлық құжаттардың 19 түрі іске асырылды, оларда QR-код арқылы 10,56 млн. пайдаланушы 12,8 млн. реттен астам (2021 жылы – 5,3 млн. рет, 2022 жылы – 7,4 млн. рет) пайдаланды.

Анықтама ретінде: Жеке куәлік, Жүргізуші куәлігі, Туу туралы куәлік, Неке қию туралы куәлік, Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік, Некені бұзу туралы куәлік, Техникалық паспорт, COVID-19-ға ПТР тестілеу нәтижесі, Студенттік билет, Диплом, Зейнеткер куәлігі, Қандас куәлігі, Көлік құралын тіркеу туралы куәлік, Әлеуметтік сақтандыру ID, вакцинация паспорты, Көп балалы отбасының жәрдемақысын алушы, Мүгедектік куәлігі, Атаулы әлеуметтік көмек алушының куәлігі, Тұруға ықтиярхат.

Сервисті енгізу және пайдалану мәселесін нормативтік реттеу мақсатында Министрлік «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Сервисті айқындау, цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету және пайдалану нормалары мен қағидаларын айқындау бөлігінде өзгерістер енгізді.

Сонымен қатар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның
4-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына, 5-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттарды пайдалану міндеті айқындалған цифрлық құжаттар сервисінен өзіне және отбасының кәмелетке толмаған мүшелеріне қатысты электрондық құжаттарды пайдалану құқығы айқындалған.

Бүгінгі күні қағаз құжатпен тең цифрлық құжаттарды заңды тануды қамтамасыз ету бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң) (оның ішінде «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заң, «Мемлекеттік шекара туралы» Заң және басқа) қол қойылды. Бұл Заң азаматтарға цифрлық құжаттарды көптеген өмірлік жағдайларда кедергісіз пайдалануға және оларды пайдалану аясын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға пайдаланылатын және ұсынылатын цифрлық құжаттар сервисіндегі құжаттар қағаз жеткізгіштегі құжаттарға тең.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен «еGov mobile» мобильді қосымшасында «Цифрлық құжаттар» сервисін іске асыру жұмыстары жүргізілді. «Цифрлық құжаттар» сервисі азаматтарға құжаттарды мобильді қосымша арқылы, электрондық форматта қарауға, сондай-ақ оның дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.

Анықтама үшін: жеке куәлік, неке қию туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі, аты-жөнін ауыстыру туралы куәлігі, некені бұзу туралы куәлігі, электронды техникалық паспорт, жүргізу куәлігі, Covid-19 тестілудің ПТР нәтижесі, білімі туралы диплом, студенттік билет, зейнеткер куәлігі, қандас куәлігі, SocId бірыңғай әлеуметтік құжаты және вакцинация паспорты.

Министрлік уәкілетті мемлекеттік органдармен бірге пойызға отырғызу кезінде цифрлық жеке куәлікті пайдалану бойынша пилоттық жобаны іске қосты және қаржылық қызметтерді көрсету кезінде цифрлық құжаттарды пайдалану мәселесі пысықталуда. Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы қаласындағы ұшақтарға отырғызу кезінде, сондай-ақ нотариуста азаматтар қағаз құжаттардың орнына цифрлық құжаттарды ұсына алады.

Дата публикации
10 октября 2022
Дата обновления
10 октября 2022
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы