Діни жағдай Солтүстік Қазақстан облысындағы діни ахуал туралы анықтама
Бүгінгі таңда облыстағы діни ахуал тұрақты деп сипатталады. Уәкілетті орган жолға қойылған мемлекеттік-конфессиялық қатынастар шеңберінде діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды.
Облыста 11 конфессияны қамтитын 130 діни бірлестіктер мен филиалдар тіркелген: (анықтама: 56 - Ислам, 33 – православие, 11-католик, 2 – пресвитериан, 6 - христиан - баптисттер, 14-елуінші күндік шіркеулер, 4 - Жаңа апостолдық шіркеу, 1 - Ехоба Куәгерлері, 1 - Жетінші күн адвентистері, 1-Евангелиялық-лютерандық шіркеу, 1- "Кришна санасының Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамы").
161 ғибадат орны жұмыс істейді (56 мешіт, 30 православие храмы, 42 католик шіркеуі, 27 протестанттық дұға үйі, 1 - Иегова куәгерлерінің дұға үйі, 4 - жаңа Апостол шіркеуінің дұға үйі, 1-"Кришна санасының Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамы").
Ресми түрде Солтүстік Қазақстан облысында 46 миссионер тіркелген, оның ішінде 42 - шетелдіктер, 4 - Қазақстан Республикасының азаматтары (сенім контекстінде: католиктер - 45, кришнаизм - 1. Діни қызметкерлермен өзара іс-қимыл шеңберінде мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды одан әрі дамыту үшін тұрақты негізде діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы өткізіледі.
Діни қызметкерлермен өзара іс-қимыл шеңберінде мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды одан әрі дамыту үшін тұрақты негізде діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы өткізіледі.
2026 жылдың 3 тоқсанында Көшбасшылар клубының 1 отырысы ұйымдастырылды.
Дін істері басқармасы аудандар мен Петропавл қаласының әкімдіктерімен бірлесіп, Дін мәселелері жөніндегі өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтарының (бұдан әрі — АТТ) қызметін үйлестіреді. Облыста 126 адамнан тұратын дін мәселелері бойынша 15 өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобы (облыс — 1, Қала — 1, аудан — 13) жұмыс істейді.
2026 жылғы 3 тоқсандағы жұмыс нәтижесінде ақпараттық-түсіндіру топтары 10276 адамды қамти отырып, түрлі форматтағы 1345 іс-шара өткізді. Осы кезеңде жастармен 277 іс-шара өткізіліп, 2348 жас қамтылды.
Дін істері басқармасы діни қызмет саласында 4 Мемлекеттік қызмет көрсетеді:
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»;
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасуын келісу»;
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасқан жерін анықтау туралы шешім беру»;
«Ғимараттарды (құрылыстарды) ғибадат үйлеріне (құрылыстарына) қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру».
2026 жылдың 3 тоқсанында электрондық форматта 15 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
28 қазан 2026
28 қазан 2026