2026 жылдың қаңтар-тамызында жүк тасымалдау көлемі – 15 093 мың тонна, немесе 2025 жылдың қаңтар-тамызына 97,7%. Жүк айналымының көлемі 5 959 млн ткм немесе 99%-ды құрады.
Жолаушылар транспортымен 21 327,7 мың адам тасымалданды, немесе 2025 жылдың қаңтар-тамызына 98,3%. Жолаушылар айналымы (бағалауды есепке алғанда) 357 067,2 мың жол-км немесе 109,1%-ды құрады.
Облыс бойынша – 122 автобус бағыты бар, оның ішінде:
халықаралық – 4;
облысаралық – 2;
облысішілік қалааралық – 55 (оның 50-і субсидияланады);
қала маңындағы – 9 (оның 4-еуі субсидияланады);
қалалық – 17 (оның 17-сі субсидияланады);
ауданішілік – 21 (оның 18-і субсидияланады);
ауылішілік – 13.
Тұрақты жолаушылар қатынасымен қамту – 443-тен 371 АЕК (халқы 100 адамнан асатын елді мекендер), немесе 83,8%.