Облыста халыққа түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жалпылануда. 2026 жылдың басынан бері 465 телесюжет шығарылды, баспасөз беттерінде 358 мақала және интернет-порталдарда 442 материал жарияланды. Әлеуметтік желілерде 64 бейнеролик, сондай-ақ өңірлік және аудандық пабликтерде 96 574 жарияланым орналастырылды. Республикалық ресурстарда 50 материал жарық көрді. Қосымша «TazaQazBot» чатын насикеттеу жұмыстары жүргізілуде – шамамен 6 785 жарияланым орналастырылды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында 28 наурыздан бастап апта сайын «Сенбіліктер» мен «Таза бейсенбі» өткізіліп келеді. 2026 жылы 115,1 мың адам қатысып, 84,3 мың аула аумағы тазартылды, 689 ескерткіш, 211 саябақ пен сквер ретке келтірілді, 139,4 мың тонна қалдық шығарылды, 2 563 техника бірлігі жұмылдырылды. Абаттандыру бойынша үш айлықтың бекітілген жоспарлары шеңберінде облыста 146,6 мың м2 гүлзар төселіп, 113,2 мың ағаш, 4,9 мың бұта отырғызылды, 50 мың ағаш әктасталды, 10,9 млн м2 көгал шабылды, 70 демалыс аймағы, 3,9 мың км көше, 340-тан астам автобус аялдамасы, 268 кіреберіс топ тазартылды.
Телеграм-ботқа 36 тіркелгі құрылды, жыл басынан бері 841 өтінім жіберілді (752-сі орындалды, 74-і жойылды, 15-і жұмыста).
2026 жылы абаттандыруға 2,9 млрд тенге бөлінді, оның ішінде Петропавл қаласының Конституция көшесін қайта жаңғыртуға және аулаларды абаттандыруға 1 млрд тенге. Сондай-ақ 43 футбол алаңын салуға 860 млн тенге бағытталды.
«Таза Қазақстан» бастамасы бойынша жұмыс жалғасуда және тұрақты бақылауда.