Меню

Страницы

Статья

Мәдениет саласының қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтуде

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мәдениет және өнер саласының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ұлттық рухани мұраны сақтау мен өңірдің мәдени өмірін дамытуға қосып жүрген зор үлесін ерекше атап өтті.

«Біздің өңір - облыс абыройын асқақтатып, есімін елге және шетелге танытқан талай дарынды тұлғаны түлетіп шығарған киелі мекен. Мәдениет пен өнер қайраткерлерінің, зиялы қауымның, кітапхана, музей, мәдениет үйлері мен театр қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында халқымыздың бай рухани мұрасы сақталып жатыр. Бүгін Мемлекет басшысы С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрына жоғары «Академиялық» мәртебе беру жөнінде бастама көтерді. Бұл – театр ұжымының қажырлы еңбегіне, шығармашылық жетістіктеріне және өңірдің мәдени қауымдастығына көрсетілген зор құрмет пен жоғары баға»,- деді өңір басшысы. 

Өңірде мәдениет саласын дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Жаңа жобалар жүзеге асырылып, мәдениет нысандары жаңғыртылуда, дарынды жастар мен шығармашылық ұжымдарды қолдауға қолайлы жағдай жасалуда. Соңғы екі жылда облыста заманауи жеті мәдениет нысаны пайдалануға берілсе, бес жыл ішінде сала қызметкерлерінің жалақысы екі есеге артты.

Салтанатты жиын барысында мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Дата публикации
29 мая 2026
Дата обновления
29 мая 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама
16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы