2026 жылғы 28-30 сәуір аралығында Тимирязев ауданында «Басқару органдарының, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның ТЖ зардаптарының алдын алу және жою жөніндегі іс-әрекеттері, сондай-ақ азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы» тақырыбы бойынша кешенді оқу-жаттығулар өтті.
Оқу-жаттығу шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың, авариялық-құтқару қызметтерінің және ерікті құралымдардың өзара іс-қимылының практикалық дағдылары пысықталды.
Облыстық және аудандық күштер мен құралдардың әрекет етуге дайындығын бағалауға, сондай-ақ құлақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін тексеруге ерекше назар аударылды.
Жалпы, жаттығулардың мақсаттары мен міндеттері орындалды, басқару органдары мен тартылған күштер қойылған міндеттерді шешуге дайын.