Өнеркәсіп.
2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айының қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 942 366,6 млн. теңге сомасына өнім шығарды, НКИ –119,9%.
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (87,0%), 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан 820 136,6 млн. теңгеге өнім өндірілді НКИ – 123,2%.
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда тамақ өнімдерін өндіру 384 711,6 млн. теңгені құрады, өсімдік және жануарлар майлары мен тоң майларды өндіру 2,8 есеге өсті, дайын мал азығын өндіру 44,1% - ға ұлғайды.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 40,7% алып жатқан машина жасау саласында 333 870,8 млн. теңге сомасына өнеркәсіптік сипаттағы өнімдер өндірілді және қызметтер көрсетілді, НКИ – 133,2%.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау саласында 2025 жылғы қаңтар- желтоқсанда көлемі 95 165,2 млн.теңгені құрады, НКИ – 99,7%.
«Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет» саласында қаңтар-желтоқсанда өндіріс көлемі 17 227,8 млн. теңгені құрады, НКИ – 94,3%.
ИБК шеңберінде (2022 жылдан бастап) шамамен 3,1 мың жұмыс орнын құра отырып, 388,8 млрд. теңге сомасына 25 жобаны іске асыру жоспарланған.
Ауыл шаруашылығы. 2025 жылғы қаңтар - желтоқсан аралығында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 1 106 550,3 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айының деңгейіне 110,2%.
Ет өндірісі (тірідей салмақта) 82,1 мың тонна немесе 2024 жылғы қаңтар - желтоқсан деңгейіне 110,5% құрады.
Сүт – 382,7 мың тонна (103,3%);
Жұмыртқа – 630,1 млн. дана (105,0%).
2026 ж. 01.01. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:
ІҚМ – 284,3 мың бас (102,7%);
о.і. сиыр – 143,6 мың бас (102,4%);
қой - 405,6 мың бас (104,9%);
ешкі – 7,8 мың бас (89,9%);
жылқы – 156,7 мың бас (107,0%);
шошқа – 142,5 мың бас (113,4%);
құс – 3 763,0 мың бас (113,4%).
Кәсіпкерлік. 2026 жылғы 1 қаңтарда облыста нарықта шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 35,6 мың бірлікті құрады.
Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала деректер бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 2025 жылғы қаңтар-қараша айларында 739,2 млн. АҚШ долларын құрады, 2024 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 45,7%-ға артық, оның ішінде тауарлар экспорты – 434,4 млн. АҚШ долларын (64,0%-ға өсті), импорт – 304,8 млн. АҚШ долларын (25,7%- ға өсті).
Экспорттың негізгі серіктестері Қытай (экспорттың жалпы көлемінің 26,7%), Өзбекстан (15,1%), Ауғанстан (11,9%), Иран, Ислам Республикасы (9,8%), Тәжікстан (8,4%), болып табылады.
Экспорттық жеткізілімдерде ең көп үлесті мынадай тауар топтарының өнімдері алады: «Жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары» - экспорттың жалпы көлемінің 93,9%-ды немесе 407,7 млн.АҚШ доллары. (2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73,7%-ға өсті).
Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері Германия (импорттың жалпы көлемінің 41,2%), Қытай (20,0%), Венгрия (7,1%), Түркия (3,8%), Польша (2,8%) болып табылады.
Импорттық жеткізілім құрылымында негізгі үлесті мынадай тауар топтарының өнімдері алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар» импорттың жалпы көлемінің (79,2% - ы немесе 241,4 млн. АҚШ доллары), «Химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (8,1% немесе 24,7 млн. АҚШ доллары), «Металдар және олардан жасалған бұйымдар» (5,1% немесе 15,7 млн. АҚШ доллары), «Жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер, дайын тамақ өнімдері» (3,9% немесе 12,0 млн. АҚШ доллары), «Ағаш, ағаш және қағаз өнімдері» (0,9% немесе 2,6 млн. АҚШ доллары), «Минералды өнімдер» (0,9% немесе 2,7 млн. АҚШ доллары).
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара сауда көлемі 2025 жылғы қаңтар-қараша айларында 562,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңнен 17,4% – ға кем, оның ішінде экспорт – 58,5 млн. АҚШ доллары (45,0 % - ға төмендеу), импорт – 504,4 млн.АҚШ доллары (12,3% - ға төмендеу).
Негізгі капиталға инвестициялар.
2025 жылғы қаңтар-желтоқсан айында негізгі капиталға инвестициялар көлемі 608 990,7 млн. теңгені немесе 2024 жылғы ұқсас кезеңге 103,9% құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 36,4%), мемлекеттік бюджеттен (28%), кредиттері (4,9%) және басқа қарыздық қаражат (30,7%) табылады.
Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып өнеркәсіп (28,1%), көлік және қоймалау (24,7%), ауыл, орман және балық шаруашылығы (24,3%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (11%).
Тұрғын үй құрылысы. 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан облыс аумағында жалпы ауданы 337 951 ш. м тұрғын үй енгізілді, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңге 102,4% құрайды.
Сумен жабдықтау. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы шеңберінде 2025 жылы:- сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарын салу және реконструкциялауға – 30,2 млрд.теңге (АМҚ – 14,9 млрд.теңге, РБ/ ҰФ – 5,9 млрд.теңге, МБ – 9,4 млрд.теңге).
Ауыз сумен жабдықтаудың баламалы емес көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға 5 266,3 млн. теңге.
«Ауыл-Ел Бесігі» аясында ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға сумен жабдықтау бойынша – 991,1 млн.теңге.
Су тарату желілерін қалпына келтіру (ағымдағы нысандардың жөндеуі) 522,6 млн.теңге бөлінді.
54 ауылға су тазарту жүйесі бар кешенді блоктық модульдерді орнатуға және сатып алуға 430,5 млн.теңге бөлінді.
Әлеуметтік қорғау. 2025 жылғы қантар-желтоқсанда өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 2583 адамды құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 0,5%-ға жоғары. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,0% құрады, бұл 2024 жылғы сәйкес деңгейде.
2026 жылғы 1 қаңтарға 24966 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіліп, 10 735 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылды. Қоғамдық жұмыстарға 2 519 адам жіберілді.
2026 жылғы 1 қаңтарға 4008 азаматқа 451,4 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
«Денсаулық сақтау» саласы бойынша бекітілген жылдық жоспар 19 млрд. 749,4 млн. теңгені құрады, 2026 жылғы 1 қаңтар жоспарындағы 19 млрд. 749,4 млн. теңгеден 19 млрд. 595,5 млн. теңге немесе 99,2% игерілді, оның ішінде:
- денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар – 2 млрд 772,4 млн. теңге, есепті кезеңге арналған жоспар 2 млрд 772,4 млн. теңгені құрады, 2 млрд 772,4 млн. теңге игерілді;
- материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар – 8 млрд. 516,7 млн. теңге, есепті кезең жоспары 8 млрд. 516,4 млн. теңгені құрады, 8 млрд. 387,2 млн. теңге игерілді.
- денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға 2025 жылға барлығы 3 390,6 млн. теңге бөлінді.
Жергілікті бюджет қаражатынан 72,9 млн. теңге сомаға, оның ішінде:
«СҚО Қызылжар ауданы Бескөл ауылында ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (қосымша)» жобасы бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізе отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 37,1 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 37,1 млн. теңгеден игерілу 37,1 млн.теңгені немесе 100%-ды құрады.
«СҚО Петропавл қаласында жуу базасы бар 20 санитарлық автомашинаға симмулляциялық оқу орталығымен және жөндеу базасымен жылына 100 000 шығуға арналған облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясын салу (қосымша)» жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеу – 29,8 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 29,8 млн.теңгеден игерілу 29,8 млн. теңгені немесе 100% құрады.
СҚО Уалиханов ауданы Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (қосымша) – 6,0 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 6,0 млн.теңгеден игерілу 6,0 млн. теңгені немесе 100% құрады.
«СҚО Петропавл қаласы Тауфик Мұхамед-Рахимов атындағы көше мекенжайында сот-медициналық мәйітхана салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 0,1 млн. теңге.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен 3 317,6 млн. теңге, оның ішінде: «СҚО Қызылжар ауданы Бескөл ауылында ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (Қайтадан қолдану)» - 3317,6 млн. теңге.
Білім. «Білім» саласына 2025 жылға 162 394,3 млн. теңге қарастырылды.
2026ж.01.01 жоспардағы 162 394,3 млн. теңгеден игерілу 162 392,0 млн. теңгені немесе 100,0%-ды құрады.
Барлығы 2025 жылға білім беру объектілерін дамытуға 225,1 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 225,1 млн. теңге.
- Петропавл қаласында 50 орындық жатын корпусы бар 300 орындық мектеп-интернат салу (сыртқы желі және аумақты абаттандыру) – 146,9 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 146,9 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.
- «СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Новоишимка ауылында 600 оқушыға арналған мектеп салу» жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізе отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (қосымша) – 5,0 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 5,0 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Белое ауылында 120 орындық мектеп салу (қосымша)» жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеу – 18,2 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 18,2 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.
- «М. Жұмабаев ауданының Қарақоға ауылында 400 оқушыға арналған мектеп салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу – 30,0 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 30,0 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Ш.Уәлиханов – Чкалов мекенжайында 280 орындық балабақша салу (сыртқы инженерлік желісіз және абаттандырусыз)» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы түзету (Түзету) – 24,9 млн. теңге. Есепті кезең жоспарындағы 24,9 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.
Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 7 481,2 млн. теңге бөлінді. Есепті кезең жоспарындағы 7 481,2 млн. теңгеден 7 481,1 млн. теңге немесе 100,0% игерілді.
|
Солтүстік Қазақстан облысы |
2024-2025 жж. |
2025-2026 жж. |
|
|
Мектептер саны |
444 |
439 |
96,9% |
Қосымша
Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру
|
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2023ж |
2024ж |
Қаңтар-желтоқсан |
2025 ж. 2024 ж. % |
|
|
2024 ж. |
2025 ж. |
|||||
|
Ет, тірі салмағы |
мың тонна |
77,6 |
74,3 |
74,3 |
82,1 |
110,5 |
|
Сүт |
мың тонна |
348,9 |
370,7 |
370,6 |
382,7 |
103,3 |
|
Жұмыртқа, барлығы |
млн. дана |
567,9 |
602,7 |
600,2 |
630,1 |
105,0 |

