Меню

Страницы

Статья

Taza Qazaqstan

Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың сәуір айынан бастап бүкіл ел бойынша «Таза Қазақстан» тұрақты экологиялық акциясы өткізіліп келеді.

Ол тек сенбіліктерді ұйымдастыруға ғана емес, сонымен қатар қалалар мен ауылдарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша жүйелі жұмыстарға бағытталған.

Бастаманы ойдағыдай іске асыру және көп азаматтарды тарту үшін қоғамдық бақылау мен халықтың белсенді қатысуы ерекше маңызға ие.

Осы мақсатта 2024 жылғы 5 шілдеден бастап сайтта қолжетімді аттас ақпараттық жүйе жұмысын бастады tazaqazaqstan.kz, сондай-ақ Taza Qazaqstan Телеграм-боты арқылы.

Платформа республиканың әрбір тұрғынына «Таза Қазақстан» жүйесінде өтінім беру арқылы елді мекендерді абаттандыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүгінуге мүмкіндік береді.

Ңұсқаулықты жүктеу (PDF)

 

«Таза Қазақстан» бастамасының іске асырылуы туралы

Облыста халық арасында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. 2026 жылдың басынан бері 126 телесюжет дайындалып, баспа бұқаралық ақпарат құралдарында 195 мақала және интернет-порталдарда 185 материал жарияланды. Әлеуметтік желілерде 42 бейнеролик, сондай-ақ өңірлік және аудандық пабликтерде 28795 жарияланым орналастырылды. Республикалық ақпараттық ресурстарда 33 материал жарияланды.

Қосымша ретінде «TazaQazBot» чатын насихаттау жұмыстары жүргізілуде – 3883-ке жуық жарияланым орналастырылды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 28 наурыздан бастап апта сайын «Сенбілік» және «Таза бейсенбі» экологиялық акциялары өткізілуде.

2026 жылы аталған іс-шараларға 91,8 мың адам қатысып, 61,8 мың аула аумағы тазартылды, 614 ескерткіш, 211 саябақ пен сквер ретке келтірілді. 119,3 мың тонна қалдық шығарылып, 1534 бірлік техника жұмылдырылды.

2026 жылға барлық аудандар мен Петропавл қаласы бойынша абаттандыру жөніндегі үш айлықтың жоспарлары бекітілді. Оның ішінде: 146,6 мың м² гүлзарлар отырғызу, 35,5 мың ағаш пен 13 мың бұта отырғызу, 50 мың ағашты әктеу, 10,9 млн. м² көгал аумағын шабу, 90 мың үй ауласының аумақтарын тазалау және абаттандыру, 70 демалыс аймағын, 3,9 мың км көшені, 340-тан астам автобус аялдамасын және 268 кіреберіс топтарын тазалау жоспарланған.

Сонымен қатар, 586 ескерткішті, обелискті және оларға іргелес аумақтарды тиісті жағдайға келтіру көзделген.

Telegram-ботта 36 есептік жазба ашылды, жыл басынан бері 391 өтінім жолданды (оның ішінде 334-і орындалды, 42-сі кері қайтарылды, 15-і орындалу үстінде).

2026 жылы абаттандыру жұмыстарына 2,9 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде Петропавл қаласындағы Қазақстан Конституциясы көшесін реконструкциялауға және аулаларды абаттандыруға 1 млрд. теңгеден қарастырылған. Сонымен қатар, 43 футбол алаңын салуға 860 млн. теңге бөлінді.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда тұр.

Дата публикации
19 сентября 2025
Дата обновления
26 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы