2025 жылғы 18 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде әкімнің орынбасары Қ.М.Дүзелбаевтың төрағалық етуімен «2025 жылғы ең үздік аумақты абаттандыру» конкурсының қорытындысы шығарылды. Аталған іс-шараға Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы, денсаулық сақтау, ішкі саясат, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру, мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі, энергетика және ТКШ басқармалары басшыларының орынбасарлары, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму бөлімінің басшысы, мәслихат депутаты және «AMANAT» партиясының өкілі қатысты.
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілді: 1) «Аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша әлеуметтік саланың үздік мекемесі»; 2) «Аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша үздік бизнес объектісі»; 3) «Үлгілі ауыл»; 4) «Аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша көп пәтерлі тұрғын үйдің үздік үй маңындағы аумағы»; 5) «Үздік жеке меншік үй иелігі»; 6) «Қауіпсіз аула»; 7) «Таза аула»; 8) «Жасыл орта»; 9) «Қоқыс шығаратын ұйымның үздік қызметкері»; 10) «Санитариялық тазалау жөніндегі үздік қызметкер».
Байқау қорытындысы бойынша 16 жеңімпаз анықталды. Номинация бойынша бірінші, екінші және үшінші орын алған байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталады, сондай-ақ, келесі жылы жергілікті бюджеттен қосымша бір әлеуметтік нысанның құрылысына қаражат бөлінеді.
Конкурстық объектінің жай-күйін номинациялар бойынша бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
1) Таза Қазақстан республикалық экоакциясы шеңберінде өткізілген іс-шаралардың үлесі (0-5 балл);
2) Елді мекенді көгалдандыру көрсеткіші (әлеуметтік сала мекемесі, бизнес объектісі, көп пәтерлі тұрғын үйдің үй маңындағы аумағы, жеке үй иелігі), дендрологиялық жоспарлардың, жобалардың, схемалардың болуы және олардың орындалуы (0-5 балл);
3) Елді мекенді абаттандыру көрсеткіші (әлеуметтік сала мекемесі, бизнес объектісі, көппәтерлі тұрғын үйдің үй маңындағы аумағы, жеке меншік үй), сәулеттік және эстетикалық түрі (0-5 балл);
4) Елді мекенде тазалықты сақтау (әлеуметтік сала мекемесі, бизнес объектісі, көп пәтерлі тұрғын үйдің үй маңындағы аумағы, жеке үй иелігі), қоғамдық орындардың жай-күйі мен пайдаланылуы (0-5 балл);
5) Елді мекеннің экологиялық жағдайы (0-5 балл).
«Аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша әлеуметтік саланың үздік мекемесі» номинация бойынша 10 өтінім берілді (2 Аққайың ауданы – Аралағаш а/о әкімдігі, Аралағаш а. МП; 2 Есіл ауданы – Корнеевка гимназиясы, Ясновка ОМ; 1 Қызылжар ауданы – Архангелка а. Храмы; 1 М.Жұмабаев ауданы – Сулышоқ а. мектеп; 3 Тимирязев ауданы – Дмитриевка а., Ақсуат а. мәдени-сауықтыру орталықтары, Дружба а. МП; 1 Петропавл қ. – оқушылар сарайы).
«Аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша үздік бизнес объектісі» номинация бойынша 3 өтінім берілді (2 Есіл ауданы – Покровка а. Юность кафесі, Амангелді а. дүкені; 1 Тайынша ауданы – Ясная поляна а. Дүкен).
«Үлгілі ауыл» номинация бойынша 13 өтінім берілді (1 Ақжар ауданы – Талшық а.; 1 Аққайың ауданы – Астраханка а.; 2 Ғ.Мүсірепов атындағы аудан – Рузаевка а., Раисовка а.; 2 М. Жұмабаев ауданы – Сулышоқ а., Орталық а.; 1 Есіл ауданы – Ильинка а.; 3 Тайынша ауданы – Ясная поляна а., Зеленый гай а. Летовочное а.; 1 Тимирязев ауданы – Дружба а.; 1 Уәлиханов ауданы – Кішкенекөл а.; 1 Шал ақын ауданы – Мерген а.).
«Аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша көп пәтерлі тұрғын үйдің үздік үй маңындағы аумағы» номинация бойынша 2 өтінім берілді (Петропавл қ. – Чайковский к-сі, 21 және Жамбыл к-сі, 49).
«Үздік жеке меншік үй иелігі» номинация бойынша 25 өтінім берілді (4 Аққайың ауданы – 2 Аралағаш а., Власовка а., Трудовое а.; 4 Ғ.Мүсірепов атындағы аудан – 2 Червонное а., Новоселовка а., Новоишимское а.; 4 Есіл ауданы – Явленка а., Корнеевка а., Амангелді а., Николаевка а.; 1 Қызылжар ауданы – Петерфельд а..; 4 М.Жұмабаев ауданы – Пулеметовка а. Лебяжье а. Новотроицкое а. Возвышенка а.; 1 Мамслют ауданы – Мамлютка қ.; 4 Шал ақын ауданы – Повозочное а., 3 Юбилейный а.; 2 Тимирязев ауданы – Мичурин а., Комсомольское а.; 1 Тайынша ауданы – Ясная поляна а.).
«Қауіпсіз аула» номинация бойынша 4 өтінім берілді (1 Аққайың ауданы – Рублевка а.; 1 Тайынша ауданы – Летовочное а.; 2 Есіл ауданы – Явленка а., Корнеевка а.).
«Жасыл орта» номинация бойынша 2 өтінім берілді (1 Аққайың ауданы – Ивановка а.; 1 М. Жұмабаев ауданы – Булаев қ.).
«Қоқыс шығаратын ұйымның үздік қызметкері» номинация бойынша 2 өтінім берілді (Петропавл қаласы 2 – «Мюль Сервис» ЖШС, «КоммунСервис» ЖШС).
«Санитариялық тазалау жөніндегі үздік қызметкер» аталымы бойынша 1 өтінім берілді (1 Ақжар ауданы – «Даяна» ЖШС).
9-дан аз өтінім берілген номинациялар бойынша 1 жеңімпаз анықталды. «2025 жылы аумақты үздік абаттандыру» конкурсының қорытындысын шығару жөніндегі комиссия келесі шешімдерді қабылдады:
«Аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша әлеуметтік саланың үздік мекемесі» номинациясында 1 орын - Петропавл қаласының Оқушылар сарайы, 2 орын - Қызылжар ауданы Архангелка ауылының Храмы, 3 орын - Тимирязев ауданы Ақсуат ауылының мәдени-сауықтыру орталығы;
«Аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша үздік бизнес объектісі» номинациясында Тайынша ауданы Ясная поляна ауылындағы Семья7я дүкен;
«Үлгілі ауыл» номинациясында 1 орын Есіл ауданының Ильинка ауылы, 2 орын Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Раисовка ауылы, 3 орын Тайынша ауданының Ясная поляна ауылы;
«Аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша көп пәтерлі тұрғын үйдің үздік үй маңындағы аумағы» номинациясында Чайковский көшесі, 21;
«Үздік жеке меншік үй иелігі» номинациясында 1 орын Қызылжар ауданы Петерфельд ауылы, 2 орын Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылы, 3 орын М.Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылы;
«Қауіпсіз аула» номинациясында Есіл ауданының Явленка ауылы;
«Таза аула» номинациясында Есіл ауданы Корнеевка ауылы;
«Жасыл орта» номинациясында М.Жұмабаев ауданы Булаев қ.;
«Қоқыс шығаратын ұйымның үздік қызметкері» номинациясында Нұрсейітов Орал Аманжолұлы «КоммунСевер» ЖШС Петропавл қ.;
«Санитариялық тазалау жөніндегі үздік қызметкер» номинациясында Файзулин Асылхан Ғабдрахманұлы Ақжар ауданының «Даяна» ЖШС.