Өңірде индустрияландырудың бірыңғай картасын іске асыруды үйлестіру "Qyzyljar" арнайы экономикалық аймағына қатысушылардың қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын орындауына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ мониторинг деректерін талдау, жергілікті тауар өндірушілердің өнімінің экспортын дамытуға және ілгерілетуге жәрдемдесу, сондай-ақ өңірде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындау. Қосымша бағыт индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық жұмыстарда көмек көрсетуге бағытталған.
Статистика (2025):
2025 жылғы қаңтар–қарашаның қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің шикізаттық емес экспортының көлемі 234 млн АҚШ долларын құрады, нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 135,7%. Экспорттың жалпы көлемінде өңдеу шамамен 45,4% құрайды. Облыста экспортқа бағдарланған 80-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді.
Инновациялық қызметті статистикалық байқау қорытындысы бойынша облыстағы 1082 кәсіпорынның 148 - і инновацияларды қолданды. Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 13,7% құрады. Ірі кәсіпорындар арасында ең жоғары белсенділік байқалды-54,9%, заманауи жабдықтарды енгізу есебінен. 2025 жылы Инновациялық өнім көлемі 65,7 млрд. теңгені құрады.
ҒЗТКЖ-ға ішкі шығындар 2025 жылы 3,7 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге 2,1 млрд, тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге 1,6. 2025 жылы ғылыми қызметкерлер саны 148 адамды құрады.
Жобалар:
- «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының жобалары (21 қатысушы тіркелді, инвестициялардың жалпы көлемі 409 млрд. теңге, 4,5 мыңға жуық жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылды);
- Индустрияландырудың Бірыңғай картасының жобалары (3 317 жұмыс орнын құрумен 405,8 млрд. теңге инвестиция сомасына 30 жоба);
- «М. Қозыбаев атындағы СҚУ КЕАҚ базасында ғылымды қажетсінетін технологияларды қолдана отырып, үш жоба іске асырылуда.
Жауапты басқарма: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, СҚО, Қазақстан Конституциясы көшесі 58, 518 кабинет, телефон 8 7152 502284.