«Автомобиль жолдары» бағыты облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту, пайдалану, күтіп-ұстау және жөндеу қызметін жүзеге асырады.
Негізгі міндеттеріне автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, жолдардың тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз ету, пайдалану қызметін жүргізу, атқарылатын жұмыстардың сапасын бақылау, өңірдің жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ көлік құралдарының қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысына жағдай жасау кіреді.
2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 918 км автомобиль жолы жөнделді, оның ішінде 278 км республикалық маңызы бар жолдар, 540 км жергілікті маңызы бар жолдар және 100 км көше-жол желісі.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жергілікті жолдар желісінің нормативтік жағдайдағы үлесі 89%-ға жетті.
2026 жылы 724 км автомобиль жолын жөндеу жоспарлануда, оның ішінде 424 км республикалық маңызы бар жолдар және 300 км жергілікті маңызы бар жолдар мен көше-жол желісі.
Жоспарланған жұмыстарды іске асыру қорытындысы бойынша жергілікті жолдар желісіндегі нормативтік жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 91%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Жауапты басқарма: СҚО әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (Интернациональная көшесі, 61, 3-қабат, 8 (7152) 33-86-95).