Меню

Страницы

Статья

Географиялық орналасуы мен табиғат жағдайы

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНАЛАСУЫ

Солтүстiк Қазақстан облысы (СҚО) Қазақстанның ең солтүстiгiнде орналасқан, ал физико-географиялық қатынаста – Батыс-Сiбiрлiк жазықтың оңтүстiк және жарым-жартылай – Қазақ ұсақ шоқы аумағында (Сары-Арқа). Облыстың ең солтүстiк нүктесiнiң координаты: 55026/ с.е. (бұл Мәскеудiң ендiгiне сәйкес келедi) және 68059/ ш.б., шеткi оңтүстiк нүктенiкi – 52013/ с.е. және 67019/ ш.б., шеткi батыс нүктенiкi – 54000/ с.е. және 65057/ ш.б., шығыстық – 52050/ с.е. және 74002/ ш.б. шеткi нүктелер арасында Екi шеткi нүктенiң арақашықтығы бойлығы бойынша 8005/, ендiгi бойынша – 3013/ құрайды. Шеткi нүктелердiң тiкелей бойынша солтүстiк-оңтүстiк бағытында 375 км тең, батыс-шығыс – 602 км тең. Облыс Ресейдің Калужск, Тульск, Тамбов облыстары сияқты ендікте орналасқан. Алайда, теңіздер мен мұхиттардан алыс болуына байланысты, климаттың күрт континентальдылығымен сипатталғандықтан табиғи жағдайлары бойынша оның біраз айырмашылығы бар. Оның жеке және шектес аумақтарының жалпы жазықтығы еркін меридиональді және ендік ауа алмасуына ықпал етеді.

Облыс аумағы солтүстiкте РФ Қорған, Түмен және Омбы облыстарымен, оңтүстiкте – ҚР Ақмола облысымен, батыста – Қостанай және шығыста – Павлодар облыстарымен шектеседi.

ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Бедер. Облыс аумағының көп бөлігі Батыс-Сібір жазығының оңтүстік шетінде орналасқан, онда үстіңгі қабат деңгейі 200 метрден аспайды, және ескі арналы неогенді үстіртке жатады, ол Тобыл және Ертіс өзендерінің алқаптары арасындағы үлкен кеңістіктерді алады. Осы аумақтың көларалық үстінен неогенді жастағы тығыз балшықты тұқым қабаттары және көл генезисі орналасқан. Облыстың солтүстік-батыс бөлігінде шұңқырлар жүйесінен тұзды көлдерден бөлінеді: Калибек, Үлкенқарой, Теке, Селетытеңіз. Шұңқырлардың ойылғандығы 40-60 м, ал көлдер таяз сулы. Теке көлінің шұңқырларында облыстың ең төменгі нүктесі орналасқан, 29 м теңіз деңгейінің бетімен. Облыстың жазықтық бөлігі кеңістікті, тыстағы тұнба тұқымдары астында фундамент орналасқан, эпигерцинді жас платформасының Батыс-Сібір тақтасына сәйкес келеді. Тыстың қуаттылығы Булаев қ. ауданында 1800 м, ал тақтаның шекарасына тұнбалы қатпарлар берік орналған.

Облыстың оңтүстік-батыс бөлігі Қазақ ұсақ шоқыға (Сары-Арқа) жатады және Көкшетау қыратының солтүстік-батыс бөлігімен ұсынылған. Сары-Арқа – ескі таулы ел, оның қатпарлы құрылымы палеозойда пайда болды. Желдену мен денудация процестері оң белгісімен неотектоникалық қозғалыстармен бірлесе, оның қазіргі заманға сай кескінін құруға әкелді. Көкшетау қыратының аумағы негізінен магматикалық және метаморфологиялық тау жыныстарынан құрылған.

Батыс Сiбiр жазығының оңтүстiк шекаралық шетi толқынды көне-абразиондық және абразионды-жинақтық жазықтарымен белгiленген, онда тау жыныстары терең кетпеген, топырақ қабатының астынан-ақ табылады. Үстiрттiң жазықтық бетiнде жалғыз тұрған төбелер немесе биiк емес шоқылар көтерiледi (20-30 м дейiн). Одан жоғарырақ шоқылар сирек кездеседi, олардан – Сырымбет тауы, Бүркiт тауы (Жаман-Сопка). Бүркiт тауының биiктiгi көл үстi бойымен 371 м.

Көкшетау қыраты үшiн эрозионды-тектоникалық және эрозиондық алқап жүйелерi тән, кейде қайта тереңдетiлген, палеогеннiң аллювиальдi шөгiндiлермен толтырылған, көл, неогеннiң көлдi-аллювиальдi қалыңдықтармен, жарым-жартылай заманға сай гидрожүйемен игерiлген.

СҚО аумағы меридиональдi бағытта терең және жақсы дамыған Есiл өзенi алқабымен қиылысқан.

Есiл облыс шегiнде жақсы өңделген алқабы бар, оның енi оңтүстiкте бiрнеше километрден солтүстiк бөлiгiнде 20-22 км дейiн жетедi.

Облыстың сол жақтық бөлiгiнде өте қызықты рельеф дамыған, жалынды атына ие болған. Ол морфологиясымен, яғни сыртқы көрiнiсiмен, геологиялық құрылысымен, пайда болу құпиялығымен ерекшеленедi.

Жал деп ұзын жайпақ қатарларды атайды, 1-2-ден 20-25 км дейiн созылады. СҚО шегiнде барынша көп ұзындығы 15 км құрайды. Жалдардың биiктiгi 3-4-тен 15-18 м дейiн созылады, биiктiгi 500-1500 м. Жалдарға тән ерекшелiктiң бiрi олардың бiрқалыпты бағдары: ұзын бiлiктерi батыс-оңтүстiк –батыстан шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай созылған.

Облыс аумағында 3425 қолданыстағы шұңқырлар және жоғалып кеткен көлдер бар. Олардан ең iрiсi (су айдынының алаңы бойынша): Селеты-Тенгиз (777 км2), Теке (265 км2), Шаглытенгиз (240 км2), Кiшi-Қарой (102 км2). Сиверга, Меңгесер, Становое, Үлкен Тараңғұл (Таранколь) және т.б. көлдердiң шұңқырлары 30-50 км және одан астам алаңдары бар. Алайда саны бойынша көлдер мен көлдiк шұңқырлар 1 км2 жуық алаңында басым.

Көлдердiң тереңдiгi генезис пен шұңқырларға байланысты. Ең тереңдiлiгiмен Көкшетау қыратының көлдерi ерекшеленедi: Шалқар – 15 м, Жақсы-Жаңғыстау — 14,5 м, Имантау – 10 м. Бiрақ, 5-3 м кем емес тереңдiгiмен көлдер басым.

Құнарлы қара топырақтарымен облыстың жазықтық рельефi аумақтың жоғарғы жер жыртылу деңгейiне ықпал еттi.

Климат және агроклиматтық ресурстары. Солтүстік Қазақстанның ең үлкен материк тереңдігіндегі орны оның климатының күрт континентальдылығымен сипатталады, оның тәндік белгілері қатты желдер мен дауылды ұзақ қыс, бірақ ыстық жаз.

Ең суық қаңтар айының көпжылдық орташа температурасы –18.5оС жуық солтүстігінде, –17.6 оС жуық оңтүстігінде, ал ең суық күндері –45оС жетеді. Шілдеде температура орташа +19оС дейін солтүстігінде және +19.5оС оңтүстігінде, ал ең ыстық күндері +41оС дейін жетеді. Күн көзінің жарқырауы 2000 бастап 2150 сағатқа дейін жетеді. Радиациалық баланс 25-30 ккал/см2 дейін жылына, қарашадан бастап наурыз айына дейін – қарама-қайшы. Солтүстік Қазақстан үшін күн-райының тұрақсыздығын шақыратын ауа массаларының жиі алмасуы тән, қысқы уақытта континентальді арктикалық ауаның кірігуі температураның күрт төмендеуіне себепті, ал ауыспалы кезеңде көктемгі-күзгі қатқақтар байқалады. Атмосфераның циркуляциясы температураның және жауын-шашынның жылдан жылға күрт өзгеру себебі болып табылады.

Қысқы уақытта күн-райының ашық аспанымен циклонға қарсы типтері және тұрақты теріс температуралары басым. Желдер айқын белгіленген оңтүстік-батыс бағытымен сипатталады, орташа жылдамдығы 5.5 м/с жуық.

Көктем қысқа (20-30 күн), құрғақ және салқын, сәуір айының екінші жартысынан бастап басталады. Температуралардың 5о арқылы көктемгі ауысу орташа көпжылдық даталары 20-22 сәуірге келеді, 10оС арқылы – 8-10 мамырға келеді. Күзде ауысу 10оС арқылы орташа 18-20 қыркүйекке келеді, ал 5оС – 5-7 арқылы қазан айына. Мерзімнің ұзақтылығы орташа тәуліктік ауа температурасымен 10оС жоғары 130-140 күнге жуық, ал ауаның орташа температура сомасы 10оС жоғары 2000-2200оС құрайды. Соңғы көктемгі қатқақтың орташа датасы 20 мамырға қарай (16 сәуірден бастап 22 маусымға дейін), бірінші күзгі – 20 қыркүйек (19 тамыз-12 қазан). Қатқақтың болуы 25 шілдеде де байқалды (Булаев, 1997ж.). Аязсыз мерзімнің болу ұзақтығы жылына 100-120 күнге жуық, ал орташа тәуліктік температурасымен 0о С жоғары орташа 190 күнге жуық.

Жазғы уақытта күн-райының солтүстік және солтүстік-батыс желдерімен 4 м/с жуық жылдамдығымен циклональді типтері басым. Күз салқын, бұлыңғыр, кейде жаңбырлы.

Атмосфералық жауын-шашынның орта жылдық саны 290-295 бастап 425-435 мм. Дейін жетеді. Бәрінен аз облыстың оңтүстік-шығыс аудандары алады. Ылғалмен Көкшетау қыраты мен орман алқапты тау кендік аудандар қамтылған. Жылдың жылы жартысында (сәуір-қазан) жылдық норманың 80-85 % түседі ең жоғары шілдеде (45-75 мм). Қар беті тұрақты қыс аяғына орташа қуаттылығы 25-30 см жуық, 5 айға жуық жатады, қараша айынан наурыз айына дейін. Жауынның орта жылдық сомалары жылдар бойынша өзгеріп отырады. Мысалы, олар 164 мм (1936 ж.) 619 мм дейін (1905 ж.) және 594 мм (1995 ж.) өзгерді.

Петропавл қаласының гидрометереологиялық станциясы бойынша инструментальді байқаулар кезеңінде деректерді жалпылау, соңғы жылдары климаттың жылдық жауын-шашын түсу мөлшерімен жылуы байқалады. Жеке жылдары сонымен қатар көктемгі және жазғы жауынсыз кезеңдер болуы мүмкін, әсіресе өсімдік шаруашылығында кері әсер етеді. Жылына жауынсыз кезеңнің көп бөлігі, 20 жылда бір рет қайталанатын, 28 бастап 36 күн арасында. Жылына орта сандық күн атмосфералық кеуіп қалумен сәуір мен қазан айларында облыс аумағында 40-50 күн құрайды, Петропавлда 10 бастап 60 күнге дейін.

Агроклиматтық аудандастыруға сәйкес аймақ үш агроклиматтық облыстарға жатады.

1. Нашар-ылғалды біркелкі жылы, Көкшетау қыратының типтік орман алқапты ландшафтарымен қамтылған, онда ылғалдылық ГТК маңыздарымен белгіленеді (Г.К.Селяников бойынша гидротермиялық коэффициент), 1,0–1,1 тең. Тұрақты сомалармен кезеңділік температурасы 10 оС жоғары 2000-2100 оС жетеді.

2. Құрғақ біркелкі жылы, оған облыстың біраз бөлігі жатады, ол жарылған орман алқаптарымен және алқаптармен қамтылған, ГТК-мен 1.0 бастап 0.8 және тұрақты температура сомаларымен 10 оС жоғары 2100-2200 оС жуық.

3. Құрғақ, жылы, оңтүстік өңірдің шығыс және батыс бөліктерін Есіл өзені жазығына дейінгі бөлікті қамтиды, онда ГТК 0.9 бастап 0.7 дейін өзгереді, ал температуралардың сомалары 10о С жоғары – 2200-2400 оС жуық.

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы