Меню

Страницы

Статья

Облыс мұражайлары

Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы к-сі, 48.

Телефон: Факс: +7 (7152) 46-24-04,46-8478 экскурсоводтар

Басшы: Мұқышева Гүлнар Бутанқызы

Жұмыс тәртібі: 10:00-19:00, демалыс күні – дүйсенбі.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі «Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігі» КМҚК құрамына кіреді.

1924 жылы құрылды. Алғашқыда музей Кәрім сүтішев көшесіндегі шағын үйде орналасты. 30-шы жылдары Вознесен шіркеуінде болды, кейін Совет көшесіне көшірілді. 1968 жылы музей көпес Т.Л. Аркельдің үйіне жаңа ғимаратқа көшірілді. Жоғарғы қабатында «Центральная» қонақ үйі, астыңғы қабатында дайын көйлектер дүкені болды.

Музейдің негізгі ғимараты – екі қабатты, пішіні күрделі. Қабырғасы сәнді кірпішпен безендірілген.

1982 жылы музейге ХІХ ғасырдың соңында салынған екі қабатты көпес М.Ф. Стреловтың жеке үйі берілді. Кеңес уақытында онда әсскери комиссариат болды.

Музейдің негізгі ғимаратына ХІХ ғасырдың соңында салынған көпес Стреловтың бұрынғы дүкені қосылды. Ертеде бұл жерде балалар кітапханасы, госпромторг дүкені, кейін – «Комсомолка» фабрикасыныі цехтарының бірі болды.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі  бүгін – бұл қаланың ортасында орналасқан  сәулет өнері ескерткіштері ғимараттарының кешені.

Музейдің жалпы көлемі 2400 ш. м., оның ішінде экспозициялығы – 2000 ш.м.

Келушілердің назарына 13 зал көрсетіледі.

Экспозиция шолуы Солтүстік Қазақстан облысының табиғатын көрсететін №1,2 залдан басталады. Бұл экспозицияға келушілердің табиғатқа ғылыми көзқарасын қалыптастырады, табиғатты қорғаудың әртүрлі фактілерін түсіндірудегі жайларды насихаттайды, адамның салауатты тұрмыс қалпының маңызын түсіндіреді. Ландшафтық әдіс негізінде көркем диорамалар арқылы өлке табигатының ерекшеліктері көрсетілді.

Ежелгі тарих бойынша №3,4,5,6 экспозиция залдары Солтүстік Қазақстан территориясында адамның пайда бояуы, тас, қола, темір және ерте ортагасыр дәуірлері тақырыптарын жүйелеп ашады. Мұражай қорында бірегей археологиялық коллекциялар жиналған. Энеолит дәуіріне жататын Ботай қонысының материапдарының дүниежүзілік маңызы бар. Осы мекен, археологиялық зерттеудің негізінде, планетада жылқыны қолға үйретудің басты орталығы Солтүстік Қазақстан болганын дәлелдейді. Экспозицияда Ботай қонысының диорамасы берілген, әртүрлі тастан және сүйектен жасалған еңбек қүралдары көрсетілген.

№7 экспозиция залы «Қазақ мемлекетінің құрылуы» экспозициясында қазақ халқының қосылуы тақырыбы, Қазақ хандығының құрылуы, оның тарихи ұлы тұлғаларымен бірге көрсетілген, көрмеде сол кездегі қазақ хандығының негізін қалаушылар – Жошы ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей, заң шығарудың негізін қалаушы Тәуке хан, атақты қазақ билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би орын алған. Орта жүздің ханы Абылайға ерекше көңіл бөлінген. Экспозицияда қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің заттары көрсетілді.

№8 экспозиция залы өлке тарихының XVIII ғасырдағы өмірін көрсету Қызылжар мекенінен басталады. Қазақстанның Ресей қорғаныс бекінісінің, Әулие Петр қамалының салынуы архив құжаттарының негізінде.

№9 залда 1900-1940 жж. өлке тарихы мұражай экспозициясында тарихтың қайғылы беттері де: социалиста революция, азамат согысы, ужымдастыру, 20-жылдардағы шаруалар көтері-лісі, қуғын-сүргін жылдар туралы да әңгімеленеді.

№10 залда 1941-1991 жж. өлке тарихы  солтүстікқазақстандықтардың жауынгерлік ерліктері, тылдагы еңбекшілердің аянбаган еңбегі көрсетілген. Ұлы Отан соғысына арналған экспозиция маңызды орын алады, облысымызда қүрылган 314 атқыштар дивизиясының жауынгерлік жолы ерекше орын алган. Тың және тыңайған жерлерді игеру, ірі өндіріс кәсіпорындарының аяқ басулары әңгімеленеді.

№11 жеке залда тәуелсіздік жылдарындағы Солтүстік Қазақстан облысының тарихы бойынша экспозиция орналасқан, онда агроөнеркәсіптік кешені, әлеуметтік саланың дамуы, сонымен қатар Ресей Федерациясының өңірлерімен облыстың әріптестік байланысы туралы материалдар көрсетілді. Экспозицияға динамикалық дамып келе жатқан экономиканы, қоғамның демократиясын, халықаралық қарым-қатынастарды көрсететін құжаттар, марапаттар, фотоматериалдар қойылды.

2012 жылы «Қазақстан Реслубликасының Тұңғыш Президенті» залыашылды. Зал экспозициясы Н. Назарбаевтың отбасы, мектеп жылдары, Днепродзерджинск қ. техникалық училищөдегі оқуы, Теміртау қ., Қарағанды металлургиялық комбинатындағы еңбек жолының басталуы, Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық-саяси қызметі, Президенттің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келуі туралы баяндайды.

Мемлекеттік және орыс тілдерінде (онлайн, оффлайн) шолу және тақырыптық экскурсиялар өткізіледі.  Мектеп аудиториясы мен студенттер үшін түрлі іс-шараларды қамтитын бағдарламаның мәдени-білім беру жобалары әзірленді:

  •  «Туған табиғаттың тазалығы үшін».
  • «Өткенге жолдар».
  • «Халық күнтізбесінің мерекелері»
  • « Мәңгілікке қадам басқандар».

Интерактивтік іс-шаралар өткізіледі:

  •  «Қазақ халқының дәстүрлі тұрғын үйі»
  • «Қазақ халқының ұлттық киімі»
  • « Күміс сыңғыр әуені»
  • «Өлкенің ежелгі тарихы»
  • « Жазу тарихы»
  • « Тас ғасыры»
  • «Путь в бездну»
  • « Құпия жануарлардың ізімен»
  • « Теңге – Тәуелсіздіктің атрибуты»
  • «Алаш –  тарихтың қайғылы беттері»
  • « Солтүстік Қазақстанның батырлары»

Біз «Музей әлемі» атты видеожурнал құрдық, оған мерейтой күндеріне және негізгі жоспардағы іс-шараларға арналған рубрикалар енді:

  •  Ботай археологиялық ескерткішінің ашылуының 40 жылдығына арналған «Ботай – бабалар мұрасы».
  • Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Сол жылдарға бас иеміз...».
  • Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған бет «Абай. Графикалық портрет»

Биыл біздің «Музей әлемі» атты видеожурналымызды Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл!» беті толықтырды.


Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейі

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ. 314 Атқыштар дивизиясы к-сі, 83 үй.

Телефон: +7 (7152) 39-76-60 (экскурсияларды қабылдау), 33-56-46

Басшы: Мұқышева Гүлнар Бутанқызы

Жұмыс тәртібі: 10:00-19:00, демалыс күні – дүйсенбі

Облыстық бейнелеу өнері музейі 1989 жылы құрылды, «Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігі» КМҚК құрамына енеді. Көпес-ағаш өнеркәсіпші Юзефовичтің салған ХХ ғасырдың басындағы ғимаратта орналасқан, республикалық маңызы бар сәулет өнерінің ескерткіші, ағаш сәулет өнерінің қайталанбас үлгісі болып табылады. 

Музей қорында – кескіндеме, мүсіндеме, графика, сәндік-қолданбалы, театр-декорация өнерінің туындылары, икон жазу және ғұрып заттары бар. Олар – Қазақстан бейнелеу өнерінің негізін салушы суретшілердің кескіндеме, графика және мүсіндеме жұмыстары. Кескіндеме бөлімінде қазақ шеберлерінің шығармалары: Н. Хлудов, Ә.Қастеев, А.Исмаилов, Л.Леонтьев, мүсіндемешілер Н.Никогосян, О.Комов, С.Балдано, М.Рапопорттың жұмыстары, сәндік-қолданбалы өнер топтамалары.

Картиналардың көп бөлігі музей қорына 80-ші жылдардың соңында Көркемөнер көрмелерінің дирекциясынан, Алматы және Мәскеу суретшілері одағынан түсті. Сонымен қатар, Алматы, Қарағанды және басқа қалалардың суретшілерінің жұмыстары, Петропавл суретшілерінің мүсіндеме, кескіндеме және графикалары түсті. Музей коллекциясында бұрынғы кеңестік республикалар суретшілері мен шетел авторларының жұмыстары да бар. Қазіргі уақытта қор жеке сатып алумен, сыйлықтармен, музей-этнографикалық экспедиция есебінен толықтырылды.

Меншік формасы – мемлекеттік

Ғимарат аумағы – 358,4 ш.м.

Ғимараттың салынған жылы – 1909 ж.

Қызметтің негізгі түрі – сақтау, музей жәдігерлерін және музей коллекцияларын зерттеу мен жариялау, тұрғындардың эстетикалық, рухани және мәдени сұраныстары бойынша толық қанағаттануға жағдай жасау.

Жалпы жәдігерлердің саны – 6700 артық с.б.

Жалпы экспозициялық аумағы – 249 ш.м. Экспозиция 1 қабатта 7 залда орналасқан, әртүрлі көрмелер жиі өтіп тұрады: қазақстандық өнердің негізін салушылардың жұмыстары көрсетілген 3 залда «Атамекен» тұрақты экспозициясы, басқа 4 залда суретшілердің, мүсіндемешілердің, қолданбалы өнер шеберлерінің, фотографтардың тақырыптық, есептік және мерейтойлық уақытша көрмелері көрсетілген.

2021 жылдың жаз уақытанда келушілер келесі көрмелерді көре алады:

№1,2,3 залдар «Виталий Александрович Жуковтың жеке көркемөнер көрмесі»

Экспозицияда әртүрлі көркемөнер жанрындағы 25 шығармашылық жұмыстары көрсетілген. Жұмыстары кескіндеме және коллаж техникасында орындалған.

№4,5,6 залдар Қазақстандық өнердің негізін салушылар Ә.Қастеев, Н.Крутильников, А.Ғалымбаева, Э.Бабад, Г.Исмаилова. С.Романов, Б.Бапишев және т.б. жұмыстары көрсетілген «Атамекен» тұрақты экспозициясы.

№7 зал Александр Коротковтың «Жеңімпаздар» жеке фотокөрмесі

2021 жылы Ұлы Жеңіс күніне арналған Солтүстік Қазақстан облыстық бейнелеу өнері музейінде фотограф-суретші А.Коротковтың жеке көрмесі ашылды. Осы көрмені жасау идеясы қаза болған жауынгерлерді, Жеңімпаз-ардагерлерді еске алу тақырыбы болды.

Экспозиция  әр жылдары түсірілген 58 фотосуреттен тұрады.    

Мемлекеттік және орыс тілдерінде (онлайн, оффлайн) шолу және тақырыптық экскурсиялар өткізіледі.  Мектеп аудиториясы мен студенттер үшін түрлі іс-шараларды қамтитын бағдарламаның мәдени-білім беру бағдарламалары әзірленді:

1. Музей залдары бойынша шолу экскурсиялары

2. «Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанры» дәрісі

3. «Табиғи акварель» музей сабағы

4. «Атамекен» тақырыптық экскурсиясы


«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені

«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Кәрім Сүтішев к-сі, 1б, 

 Телефон: Факс: +7 (7152) 50-23-47, 53-09-92

Жетекшісі Садаев Аян Нәбиұлы

Жұмыс уақыты: 10: 00-18: 00, демалыс күні-дүйсенбі

"Абылай хан үйі" сәулет ескерткіші, 1824-1829 жылдары салынған, бұрынғы Абылай хан үйінің ағаш құрылысы орнында.

Ғимараттың тарихи-мәдени құндылығы-бұл қаланың таулы бөлігіндегі (жоғарғы форштадт) алғашқы тас ғимараттардың бірі. Бұл ғимараттың құрылу тарихы қазақ жерлерінің бірігуінің негізін салған Абылай ханның Қазақстан тарихындағы өмірі мен қызметі туралы аңыз-әпсаналармен тығыз байланысты.

2003 жылы Мәскеу, Омбы, Алматы мұрағаттарында 18-19 ғғ.шептегі орыс-қазақ қарым-қатынастарының тарихы бойынша құжаттарды зерттеу жүргізілді. Соның негізінде Петропавл қаласында Абылай хан ордасының орналасқаны растады.

Ғимаратта жүз жылдан астам уақыт әскери аурухана болды. Өткен ғасырдың 20-шы жылдары бұл ғимаратта белгілі қазақ жазушысы Сәбит Мұқанов жұмыс істеген түрлі әскери бөлімдер орналасты.

80-90 жылдары ғимарат сұраныссыз қалды.

Республикалық маңызы бар тарих естелігі 1982 жылы мемлекеттік қорғауға алынды. Ғимараттың тарихи-мәдени құндылығы-бұл ескерткіш қазақ халқының материалдық жадын білдіретін алғашқы тас құрылыстардың бірі болып табылады.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің бастамасымен 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы төңірегінде «Абылай ханның резиденциясы» қайта орнына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу жобасы құрылды. 2006 жылы сәуір айынан қайта орнына келтіру және жөндеу жұмыстары басталып, мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінді.

"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы аясында Петропавл қаласында "Абылай хан резиденциясы" қалпына келтірілді.

* Ғимараттар мен құрылыстардың жалпы ауданы — 1288,5 м2

* Учаскенің жалпы ауданы — 0,8232 га

* Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу — «Севгражданпроект» ЖШС

* Бас мердігер — «Строительная» ЖШС «Құлагер» корпорациясы

* Көркем-безендіру жұмыстары — «Фирма Дара» ЖШС

* Ат үстіндегі Абылай ханның естелігі" — «Аста KZ» ЖШС

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Абылай хан резиденциясы" КМҚК Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 13 қарашада тіркелді.

Солтүстік Қазақстан облысы республикада теңдесі жоқ жаңа үлгідегі бірегей мұражайға ие болды.

Экспозицияның негізі-XVIII ғасырдағы Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері Абылай ханның өмірі мен қызметі.

Кешеннің экспозициясы келушілерді Абылай хан өміріндегі негізгі оқиғалармен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар көрермендердегі патриотизм мен Отанға деген адалдықты тәрбиелеуге маңызды назар аударады.

Экспозицияның әдіснамалық негізі Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстанның тарихты зерттеудің жаңа тәсілдері болды, бұл ретте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Абылай ханның өмірі мен қызметі, Қазақстан мен қазақ халқының тарихи идеяларына ерекше назар аударылды. Жаңа әдіснамалық тәсілдер экспозицияда саяси тарихтың, этнографияның, мәдениет пен қолданбалы өнер тарихының ажырамас мазмұнында көрініс тапқан.

2008 жылғы 21 тамызда біздің қала үшін ғана емес, бүкіл республика үшін де айтулы оқиға - "Абылай хан резиденциясы" мұражай кешенінің ашылуы болды. Кешенді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев ашты.

Мұражай экспозициясы 4 залдан тұрады.

№1 Зал. "Абылай ханның өмірі 1711 — 1770 жж.»

Зал экспозициясы келушілерді Қазақ ордасының негізін қалаушы Әз –Жәнібектін ұрпағы Абылай ханның шежіресімен таныстырады.

Экспозиция материалдары Абылай ханның қазақ қауымдары мен жүздерін біріктірудегі, сол кездегі Қазақстан мемлекетінің бірлігі мен аумақтық тұтастығын сақтаудағы рөлін көрсетеді. Экспозицияның маңызды бөлігі Тәуелсіз мемлекет үшін күресте Абылай ханның әскери өнеріне арналған. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресінің көрінісі, Абылай хан мен қолбасшылық өнері, олардың арасында Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Құлеке, Құлсары, Қожаберген батырлары ерекше атап көрсетілген. XVIII ғасырдың қаруы ұсынылған.

№2 Зал."Абылай ханның палаталары".

Дәстүрлі қазақ стилінде көрсетілген. Экспозицияның мазмұны Абылай ханның өмірі мен қызметімен өзара іс-қимылы контексінде өзінің сипаты бойынша әртүрлі материалдарды толық көлемде ұсынады. Бұл қатарда қолданбалы өнер заттары қарастырылған: ағаш шатыр, қапталған сүйек, металл төсемдері бар ілгіш (адалбакан), резеңке кеуделер, отырғызуға арналған ағаш кеуде (кебеже), ағаштан жасалған қымыз жиынтықтары, қолдан жасалған кілемдер.

№3 Зал."Тақ залы".

Залда: Абылай хан мүсіні, Абылай сақина-мөрі, оның марапаттық әшекейі (алқа), таянышы, әйелдер мен ерлер хан киімі, қазақ ювилерлік әшекейлері, ат әбзелдері, ер-тоқымы, сандықтары, инкрустелген сүйектері, қолдан жасалған түрікмен түкті кілемдері, хан қаруы ұсынылған.

№4 Зал. "Абылай хан – Қазақстанның ұлы мемлекет қайраткері".

Мұражай экспозициясында Абылай ханды ұлы мемлекет қайраткері ретінде ашатын материалдарға көп көңіл бөлінген. 20 жасында хан атанып, Абылай ақылды саясаткер, сауатты дипломат, талантты қолбасшы болды, оның негізгі міндеті мемлекетті нығайту болды.

Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі тарихына сәйкес экспозицияда Абылай хан мен Ресей билігінің сауда және дипломатиялық өзара іс-қимылдары көрініс тапқан. Солтүстік Қазақстан мен Сібір аймағының сауда қатынастарына көп көңіл бөлінеді. Экспозиция келушілерді Абылай ханның Ресей әкімшілігімен бейбіт қарым-қатынас орнатуға деген ұмтылысы туралы ойға жетелейді.

Экспозицияда Абылай ханның Қазақ мемлекетінің халықаралық беделін нығайту жөніндегі қызметі, Абылай ханның көрші мемлекеттермен байланысы және оның Цинь басқыншылығына қарсы күресі көрініс тапқан.

Абылай хан қызметінің арқасында қазақ халқы өзінің ұлттық болмысын, жай-күйін, тарихы мен мәдениетін сақтай алды.

Ұлы Абылайдың бүкіл қызметі, сайып келгенде, тәуелсіз Қазақстанның құрылуына әкелді. 

"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде қазақ халқының тарихы мен мәдениетін тереңірек тануға ықпал ететін ұлы тарихи ескерткіш .

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде (онлайн, оффлайн) шолу және тақырыптық экскурсиялар өткізіледі.  Мектеп аудиториясы мен студенттер үшін түрлі іс-шараларды қамтитын бағдарламаның мәдени-білім беру бағдарламалары әзірленді:

1 " Әбілмансұрдың жұлдызды сағаты»

2 " Ақтабан шұбырынды»

3 " Салт-дәстүр»

4 " Халқымыздың бай мұрасы –қазақ мәдениетінің айқын көрінісі»

5 " Нарқобыз»,

6 "Жоңғарлармен соңғы шайқас".

7 " СҚО қасиетті орындары "(киелі карта)

8 " Қазақ халқының салт-дәстүрлері"

9 " Ежелгі оқыту"  

10 " Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл "  

11 " Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты"  

12 " Қазақ халқын қорғаудағы батырлардың рөлі»

13 " Құндылықтар қайнары»

14 " 18 ғасырдағы қазақ жауынгерінің қаруы"  

15 " Сиқырлы сандық"

16 " Киіз үйге қош келдіңіз»

17 "Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері"

18 "Жас өлкетанушы" үйірмесі  

19 " Бесікке салу ".


Мағжан Жұмабаев ауданының тарихи-өлкетану музейі

Музей Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналып 2011 жылдың қазан айында ашылды.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Булаево қаласы, Киреев к-сі, 15.

Телефон: 8-715-31-22345

Email: museiy_bulaevo@mail.ru

Филиал директоры: Жұмағұлов Серік Тұрарұлы

Жұмыс тәртібі: 10:00-19:00. Демалыс күні - дүйсенбі.

Аумағы 378 ш. км.

Жәдігерлер саны - 3253 с. б.

Аудан музейінің экспозициясы – бұл 5 залдарда белгілі жүйе бойынша шолу үшін орналасқан заттарды толық бағытта көрсету: «18 ғ. бастап 1917 жылға дейінгі аудан тарихы», «1917-1991 жж. аудан тарихы», «Мағжан поэзия жұлдызы», «Тәуелсіздік залы», «Табиғат залы». Алдын ала ойластырылған идея тақырыпты кең ашуға мүмкіндік береді. Экспозиция өткен мен қазіргі заманның оқиғалары мен құбылыстарын баяндайды.

2015 жылдың қазанынан бастап Ботай мәдениетіне арналған экспозиция тұрақты түрде ашылды.

2016 жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған көрме жұмыс істейді.

Музей қызметкерлерінің жұмысы Мағжан Жұмабаев ауданының тарихын, өлкетануын зерттеуге, ұлы ақын, біздің жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен қызметін зерттеуге арналады.


Мағжан Жұмабаев музейі

Мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, М.Жұмабаев ауданы, Сарытомар а.

Филиалы директоры: Жүніспаева Айгүл Теңдікқызы

Байланыс телефоны: +7 71531 2-34-62

Жұмыс тәртібі: 10:00-19:00, демалыс күні — дүйсенбі

Аумағы – 82,2 ш.м.

Жәдігерлер саны — 572 с. б.

Музей Мағжан Жұмабаев музейі М.Жұмабаев ауданының Сарытомар а, ақынның туған жерінде туғанына 100 жыл толуына арналған жылы 1993 жылы ашылды.

2008 жылдың маусымында ақынның 115 жылдығына арналған 2008-2009 жылдары «Мәдени мұра» өңірлік бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеуден кейін ғимарат аумағы 82,2 ш.м., экспозициялық аумағы 65,7 ш.м. құрады. Экспозиция 3 залға орналастырылған, материалдар ақынның өмірі мен әдеби жолына арналады. Музейдің экспозициялық залдары жоғары эстетикалық дәрежеде қазіргі заманғы талаптарға сәйкес «Дара» фирмасымен безендірілді.

2008 жылы музейге мемлекеттік дәрежесі берілді.

Музейде ақын-жазушылармен кездесу кештері, дөңгелек үстелдер, сонымен қатар мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады.


И.Шухов атындағы әдеби-мемориалдық музей-үйі

Мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка с. Гоголь к-сі, 5

Филиал директоры: Макенов Данияр Мейрамұлы

Байланыс телефоны: +7 71544 2-22-44

Жұмыс тәртібі: 10:00-19:00, демалыс күні – дүйсенбі

Аумағы — 117,1 ш. м.

Жәдігерлердің саны — 4379 с. б.

И.Шухов әдеби-мемориалдық музей-үйі 1981 жылдың 21 желтоқсанында жазушы тұрған үйде құрылды. Музей қазіргі уақытта жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескертіші болып саналатын жазушының үйі ретінде 1942 жылы салынған бір қабатты мансардасы бар ғимарат. Ғимарат аумағы 117 ш.м., оның ішінде экспозициялық аумағы 104 ш. м.

Сонымен қатар, жер үйдің аумағында көлдің жағасында үлкен бақша, жазушының ауылдастары және туыстары жинаған жәдігерлер мен құжаттар сақталған көлемі 137,9 ш.м. әкімшілік корпусы бар.

Залдарда келесі тақырыптар бойынша экспозиция орналасқан:

1 зал – Пресновка с. тарихы, ұйымдар, ҰОС ардагерлері

2 зал – Преснов бекінісінің құрылу тарихы; казак тұрмысы; қазақ тұрмысы

3 зал – конференция залы

Жерлес жазушылар И.Шуховтың, Ғ.Мүсіреповтің, С.Мұқановтың достығы туралы экспозиция жасалды.

Музей жанында жыл сайын Шухов оқулары өтеді, оған ақындар, жазушылар, қоғам қайраткерлері шақырылады, «Здесь мы живём, здесь Родины моей начало» дөңгелек үстелі өткізіледі. Аудандық халық ұжымдарының, фольклорлық казак ұжымының қатысуымен театрландырылған көріністер көрсетіледі. Музей-үйінде жерлес солтүстікқазақстандық ақындар мен жазушыларға арналған әдеби кеш бұрышы ашылды.

Музей-үй аумағында 2006 жылы жазушының туғанына 100 жыл толуына орай И.П. Шуховтың бюсті орнатылып ашылды.


Жазушы Ғ.Мүсіреповтің музей-үйі

Мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңажол а.

Меңгерушісі: Кошаева Клара Өтегенқызы

Байланыс телефоны: +7 71545 3-36-45

Жұмыс тәртібі: 10:00-19:00, демалыс күні -дүйсенбі

Ғ.Мүсірепов музей-үйі 1992 жылы ашылды, жазушының өмірі мен қызметіне арналады.

Музей МҮ ғимаратында орналасқан, ғимарат аумағы 348 ш.м.

Музей экспозициясы әдеби мұра негізінде жасалды, жазушының қоғамдық және мемлекеттік қызметін баяндайды.

Залда Ғ.Мүсіреповтің өмір жолын баяндайтын жазушының жеке заттары, құжаттар, фотосуреттер орналасты, ағаларының, апаларының, жазушының анасы Дина Оңғарбайқызының фотосуреттері қойылған. Этнографиялық залда қазақ халқының тұрмыстық заттары: самаурын, торсық, әйел мен ер адамның ұлттық киімдері, керосин шамы және т.б. қойылған.

Жерлестері, туыстары және Жамбыл ауданының қоғам қайраткерлері жазушының өмір жолы туралы бай материал жинады.

Музей жанында жазушының бюсті орнатылды.

Жыл сайын ауданның қоғам қайраткерлері Ғ.Мүсіреповке арналған кездесу кештерін өткізіп отырады.


Шал ақын ауданының тарихи-өлкетану музейі

Мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қ., Гончар к-сі, 112

Филиал директоры: Таушарова Маржан Жомартқызы

Байланыс телефоны: +7 71534 2-74-09

Жұмыс тәртібі:  9:00-18:30, демалыс күні - дүйсенбі

E-mail: murazhai@mail.ru

Аудандық тарихи-өлкетану музейі 1986 жылдың 25 ақпанында құрылды. Музейдің негізін салушы Ұлы Отан соғысының ардагері, педагогика еңбегінің ардагері, өлкетанушы Василий Дмитриевич Кузнецов болды, ол зор үлес қосты, музей қорына материал жинай отырып, көп жұмыс атқарды. Шал ақын ауданының тарихи-өлкетану музейі 2005 жылдың 22 маусымынан бастап МКҚК болып табылды, ал 2009 жылдың 2 маусымынан бастап «Шал ақын ауданының музейі» КМҚК болып өзгертілді. Музей дәрежесі – тарихи-өлкетану.

2007 жылы Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша музей жаңа екі қабатты ғимаратқа көшті.

Музей көлемі 549 ш.м., экспозиция 239  ш.м. алып жатыр. Жалпы жәдігерлердің саны 4861 с.б. Залдарда 1554 жәдігер қойылған. 

Экспозиция ежелгі кезеңнен бастап қазіргі заманға дейінгі жалпы тарих кезеңінің принциптері бойынша 8 залда орналасқан. Музей қорында құнды құжаттар, қолжазбалар, аудан тарихы бойынша фотоматериалдар сақтаулы.


С.Мұқановтың әдеби-мемориалдық музей-үйі

Мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Сәбит а.

Меңгерушісі: Сарсекова Әлия Ескендірқызы

Байланыс телефоны: +7 71544 5-15-22

Жұмыс тәртібі: 10:00-19:00, демалыс күні - дүйсенбі

С.Мұқановтың әдеби-мемориалдық музей-үйі 1990 жылы Сәбит а. Сәбит Мұқановтың ағасының үйінде ашылды.

Музей қарағай бөренелерінен жасалған бір қабатты ағаш ғимарат. Жалпы аумағы 180 ш.м., 5 бөлмеден тұрады: жатын бөлме, қонақ бөлме, зал, ас үй, кіре-беріс. Үйдің аумағында саябақ, аумағы 247 ш.м. жазғы алқап және шошала  бар.

Экспозиция мемориалдық музей типі бойынша салынған, жазушының кабинеті, жатын бөлмесі, шығармашылық мұрасы қойылған зал, қолжазбалар, кітаптар және жазушының жеке заттары. Музейде этнография заттары да қойылған.

Қорда С.Мұқановтың әдеби қызметіне тиесілі құнды құжаттар сақталған.

Музейде жалпы жәдігерлердің саны 475 с.б.

Жол картасын іске асыру аясында музей-үйге және қонақ үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аулада жазушының бюсті орнатылған.


Есіл ауданының тарихи-өлкетану музейі

Мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка с.

Филиал директоры: Попова Галина Владимировна.

Байланыс телефоны: +7 71543 2-20-81

Электрондық пошта: muzey@inbox.ru

Жұмыс тәртібі:  10:00-19:00, демалыс күні - дүйсенбі

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Есіл ауданының тарихи-өлкетану музейі» КМҚК филиалы өлкетанушы Михаил Петрович Ключеровпен жауынгерлік және еңбек даңқы музейі ретінде 1972 жылдың 19 желтоқсанында құрылды, 17 жыл бойы оның бірінші қоғамдық директоры және қор сақтаушысы М.П. Ключеров болды.

Михаил Петрович құрған өлкетану музейі есілдіктердің мақтанышы. 1983 жылы Қазақ КСР Мәдениет министрлігі музейге халық атағын берді, 1990 жылдан бастап мемлекеттік дәрежесі берілді.

Маусым айынан бастап музейдің орналасу орны өзгерді. Музейге Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка с. А.Иманов к-сі 83 мекенжайында орналасқан «Явленка аудандық ауруханасы» шаруашылықты жүргізу құқығы бар коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны балансындағы «Явленка аудандық ауруханасының» ғимараты берілді, аумағы 301, ш.м. Ғимарат жалға берілді. Бір қабатты ғимарат. Музейде 6 экспозициялық залдары, қор сақтау бөлмесі бар.

Музей өзінің жұмысын көптеген бағыттар бойынша жүргізеді: ғылыми-зерттеу, ағартушылық, экспозициялық, қор жұмысы. Музейдің жетекші бағытарының бірі жинақтау, тіркеу, ғылыми құжаттау және сақтау болып табылады. Музей өлкетану сипатындағы материалдарды мұқият сақтайды, біздің міндетіміз – келушілерге оны ашу. Музей қоры азаматтарға ашық, мәдени-білім беру, адамгершілік-эстетикалық және ғылыми мақсаттарда қолданады.

Есіл ауданының тарихи-өлкетану музейі аудан орталығының тұрғындары мен қонақтары үшін мәдени демалыс орны болып табылады.


 

Дата публикации
18 декабря 2019
Дата обновления
04 июня 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға құқығы бар БАҚ, онлайн-платформалар тізімі
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
15 октября 2026
СҚО аудандық және қалалық комиссиялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы