Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жалпы мәлімет (ішкі саясат)

Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат саласы бойынша ақпарат

Ақпараттық саясат

Тіркелген БАҚ - 57;

Оның ішінде 42 баспа БАҚ бар, соның 15-і мемлекеттік тілде, 22-сі орыс тілінде, 5 БАҚ екі тілде жарық көреді.

4 электрондық БАҚ жұмыс істейді:

2 телеарна - «Qyzyljar», «МТРК»;

2 кабельдік оператор - «КТВ «Есіл КТВ», КТВ «СОЮЗ «Медиа групп»;

11 желілік басылым және ақпараттық агенттік.

2026 жылы облыс бойынша мемлекеттік тапсырысты 66 БАҚ орындайды.

Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысын 31 БАҚ орындайды.

Жыл басынан бері Өңірлік коммуникациялар қызметі 17 баспасөз конференциясын өткізді.

Азаматтық сектор

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өңірде 465 ҮЕҰ бар, оның ішінде 75-і облыс аудандарында орналасқан.

2026 жылы облыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 331 млн теңге сомасына 117 жобаны іске асыру жоспарланған.

Қоғамдық кеңестер

Облыста 15 Қоғамдық кеңес жұмыс істейді. 2025 жылы барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестердің құрамы мәслихат төрағаларының өкімдерімен жаңартылып, бекітілді.

Барлығы 195 адам сайланды. Оның ішінде облыстық Қоғамдық кеңеске - 21 адам, Петропавл қаласының Қоғамдық кеңесіне - 16 адам, облыс аудандарындағы Қоғамдық кеңестерге - 158 адам кірді.

Бүгінгі таңда облыста парламенттік және парламенттік емес саяси партиялардың 7 филиалы тіркелген.

Жастар саясаты

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 515 422 адам тұрады. Оның ішінде 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны - 128 098 адам, соның ішінде 71 433 ер адам, 64 697 әйел адам.

2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі жұмыссыз жастар саны 3431 адамды құрады, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі - 3,6%.

2026 жылы жастар саясаты бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өңірде 12 жобаны іске асыру жоспарланған.

Өңірде 14 жастар ресурстық орталығы, сондай-ақ «Ақпарат және қоғамдық даму орталығы» КММ жанынан жастармен және NEET санатымен жұмыс жөніндегі бөлім жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы департаментінің деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 15 пен 35 жас аралығындағы NEET санатындағы жастардың үлесі 7,3% немесе 8 759 адамды құрады. Бұл ретте аталған көрсеткіштің төмендеуінің оң динамикасы байқалады.

Этносаралық жағдай

Облыста 26 этномәдени бірлестік тіркелген, оның 20-сы аккредиттеуден өткен. 158 этно-бағдарланған орталық бар. ЭМБ құрамындағы мүшелер саны - 335 адам.

Этномәдени бірлестіктер жанынан 17 үйірме мен шығармашылық клуб жұмыс істейді. Оның ішінде шығармашылық ұжымдар, ансамбльдер, түрлі бағыттағы үйірмелер, тілдерді үйрену клубтары және басқа да құрылымдар бар.

ҚХА құрылымдық бөлімшелері

Солтүстік Қазақстан облысында 60 Аналар кеңесі жұмыс істейді. Олар әр ауданда, Петропавл қаласында және бірқатар ауылдарда қызмет атқарып, мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен белсенді өзара іс-қимыл жасайды.

СҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобы: ҒСТ құрамына 12 мүше кіреді. Оның ішінде 1 - философия докторы PhD, 9 - ғылым кандидаты, 1 - магистр және 1 сарапшы.

СҚО-да медиация кабинеттері бар. Олардың бірі «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КеАҚ базасында орналасқан, 13 кабинет облыс аудандарында жұмыс істейді.

Документы
Хаттама
27 июля 2026
Қоғамдық даму бөлімі
Солтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесінің отырысының хаттамасы
Жоспар
23 июля 2026
Қоғамдық даму бөлімі
Солтүстік Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарымен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары
Ақпарат
26 июня 2026
Қоғамдық даму бөлімі
Солтүстік Қазақстан облысындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің қызметі туралы ақпарат
Новости
Полезные материалы
Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің тізімі
СҚО саяси партияларының филиалдары
ҮЕҰ Дерекқоры қалыптастыру бойынша ақпарат
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің iшкi саясат басқармасы
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы