Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Спорттың дамуы туралы жалпы ақпарат

Спорттың дамуы туралы жалпы ақпарат

Солтүстік Қазақстан облысында 2025 жылғы дене шынықтыру мен спорттың дамуы туралы ақпарат

Өңірде спортты дамыту туралы 

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 225 мыңнан астам адам немесе облыс халқының 43%-ы жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысады. Оның ішінде 49 мың бала тегін спорт секцияларымен қамтылған (облыста 5 пен 18 жас аралығында 102 мың бала бар).

Саланың қаржыландырылуы 13,2 млрд теңгені құрайды, оның ішінде: 28 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі – 5 853 454 мың теңге, жоғары спорт шеберлігі мектебі – 318 155 мың теңге, олимпиадалық резервті даярлау орталығы – 202 465 мың теңге, спорт мектеп-интернат-колледжі – 1 090 632 мың теңге, 8 спорт клубы – 4 287 844 мың теңге.

Мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында 15 спорт түрі бойынша 30 жеткізуші 2 314 баламен жұмыс жүргізуде. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 423 495 мың теңге бөлінген.

Жыл сайын облыста бұқаралық спорттық іс-шараларға қатысушылар саны артып келеді. Аймақта жыл сайын 1 200-ден астам спорттық-бұқаралық іс-шара өткізіліп, оған шамамен 240 мың адам қатысады. "Халық спорты ойындары" аясында облыс аудандарының құрамалары қысқы, ұлттық, олимпиадалық, олимпиадалық емес және паралимпиадалық спорт түрлері бойынша 5 кешенді спартакиадаға қатысады.

Облыста 2 126 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде А. Винокуров атындағы спорт сарайы, әмбебап теннис орталығы, үстел теннисі орталығы, 13 стадион, 20 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДШСК), 15 жабық хоккей корты бар.

2023–2024 жылдары бұқаралық спортпен айналысатын халықты тарту мақсатында 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 6 жабық хоккей корты пайдалануға берілді, мектеп-интернат-колледж оқушыларына арналған 244 орындық жатақхана құрылысы аяқталды, «Динамо» стадионының футбол алаңының жабыны жаңартылды, «Қарасай» стадионы қайта жаңғыртудың 2-ші кезеңінен өтті.

Жазғы маусымда спорт нысандарының жұмыс істеуі үшін жасанды футбол алаңымен жабдықтау және негізін қалау жұмыстары келесі 6 жабық хоккей кортында жүргізілді: Новоишимское ауылы, Мамлютка қаласы, Явленка ауылы, Тайынша қаласы, Сергеевка қаласы, Петропавл қаласы.

Биыл Петровка ауылында жабық хоккей корты (Есіл ауданы), Дайындық ауылында (Аққайың ауданы) және Тайынша қаласында (Тайынша ауданы) екі спорт кешені пайдалануға берілді.

Бүгінде Мамлютка қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде, Бескөл ауылындағы хоккей кортында, Кішкенекөл ауылындағы жүзу бассейнінде, мұз аренасында, жүзу бассейні мен ойын залы бар спорттық кешенде құрыдыс жұмыстары жалғасуда. Смирново ауылында (Аққайың ауданы) жабық хоккей кортының құрылысы басталды. Бүгінгі таңда 400 метрлік коньки жолы бар көпфункционалды мұз аренасы, екі хоккей алаңы мен керлинг алаңдары, 50 метрлік бассейн, жекпе-жек, көркем гимнастика, волейбол, баскетбол және фитнес залдары бар әмбебап спорт аренасы, 5 мың орындық футбол аренасы және футбол академиясы сынды нысандарда жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр:

Қазақстан құрамасына Солтүстік Қазақстан облысынан 495 спортшы кіреді, оның ішінде олимпиадалық спорт түрлері бойынша – 299, олимпиадалық емес – 136, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт (жазғы және қысқы) – 48, ұлттық спорт түрлері бойынша – 12.

Материалдық ынталандыру және қолдау мақсатында 95 спортшыға жыл сайын 223 млн теңге көлемінде ай сайынғы ақшалай төлемдер жасалады.

Облыс жаттықтырушылары 1 халықаралық дәрежедегі спорт шебері (МСМК), 19 спорт шебері (МС), 178 спорт шеберлігіне үміткер (КМС), 195 – 1-разрядты спортшыны дайындап шығарды.

Солтүстікқазақстандық спортшылар жыл сайын республикалық және халықаралық ареналарда табысты өнер көрсетуде. Ең елеулілері: Ислам Евлоев – 20 жасқа дейінгі жастар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионы, Анна Стратан – 17 жасқа дейінгі қыздар арасында әйелдер күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының қола жүлдегері, Данияр Шаяхметов – велоспорттан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Шамиль Ермағанбетов – тай боксынан әлем чемпионы, Алина және Кристина Шумековалар – конькимен жүгіруден әлем чемпионатының алтын жүлдегерлері, Сәния Әскер – бес асықтан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы,

Қамысқұлақ бәйге аты – құнан бәйге бойынша Дүниежүзілік ойындар чемпионы, Мейіржан Берекетов – қазақ күресінен көшпенділер ойындарының чемпионы, әлем кубогының иегері,

Надежда Морозова – IX қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері (конькимен жүгіру),

Ербол Хамитов – парабиатлоннан маусым қорытындысы бойынша Әлем кубогының жалпы есебінің жеңімпазы, Хрусталь глобусының иегері,

Наталья Богданова – бокстан Әлем кубогының чемпионы.

Документы
Есеп
31 августа 2021
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасы
2023 жылдың Солтүстік Қазақстан облысында дене шынықтыру мен спорттың дамуы туралы есеп
Новости
Полезные материалы
Мемлекеттік спорт тапсырыс бойынша ақпарат
Ереже
жеке кіріс және мүлік салығы бойынша мәліметтері
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт басқармасы
Часто задаваемые вопросы
Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiне қабылдау тәртiбi?

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2014 жылғы 22 қарашадағы №106 бұйрығына сәйкес балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiне қабылдау үшiн келесi құжаттарды тапсыру қажет:

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне:

1) нұсқа БЖСМ кеңсесiне:

  1. оқуға түсушiнiң ата-анасынан немесе заңды өкiлдерiнен еркiн нысандағы өтiнiш;
  2. оқуға түсушiнiң жеке сәйкестендiру нөмiрi бар туу туралы куәлiгi (сәйкестендiру үшiн);
  3. ата-анасының немесе заңды өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн);
  4. таңдаған спорт түрi бойынша сабақтарға жiберiлгенi туралы учаскелiк дәрiгер берген медициналық анықтама;
  5. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 21579 болып тiркелген) бекiтiлген 031/е (Медициналық-әлеуметтiк сараптамаға қорытындыны мүгедектер ұсынады) нысандағы медициналық құжаттама.

2) нұсқа «электрондық үкiметтiң» веб-порталында www.egov.kz

  1. көрсетiлетiн қызметтi алушының (ата-анасының немесе заңды өкiлiнiң) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
  2. таңдаған спорт түрi бойынша сабақтарға жiберiлгенi туралы учаскелiк дәрiгер берген медициналық анықтамасының электрондық көшiрмесi;
  3. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 21579 болып тiркелген) бекiтiлген 031/е (Медициналық-әлеуметтiк сараптамаға қорытындыны мүгедектер ұсынады) нысандағы медициналық құжаттаманың электрондық көшiрмесi.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы