Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 43-бабы 1-тармағына сәйкес, 44-1-бапта көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттiк меншiктегi жерден, сондай-ақ сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылатын жерлерден жер учаскесiне құқық беру мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
- жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтiнiштi (өтiнiмдi) қарауға қабылдау;
- сұралып отырған жер учаскесiн аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындау жатады;
- жер учаскесiн алдын ала таңдау (елдi мекен шегiнде объектiлер салуды қоспағанда, объектiлер салу үшiн жер учаскесi сұралған кезде);
- жер комиссиясының қорытынды дайындауы;
- жерге орналастыру жобасын әзiрлеу және бекiту;
- облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы;
- сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi) өтеулi (өтеусiз) жер пайдалану шартын жасасу;
- жергiлiктi жерде жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу;
- елдi мекен шегiнде объектiлер салуға арналған жер учаскесiн қоспағанда, жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын дайындау және беру.
Жер учаскесiн беру бойынша Сiзге жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органға жүгiну қажет.
67-бапқа сәйкес. «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер беру шарттары», «Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елдi мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға берiледi. Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшiн кемiнде үш жыл тұрақты тұруы талап етiледi.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлерiне;
1-1) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
1-2) "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi. Азаматтардың аталған санаттарының жиынтық орташа айлық кiрiсi тұрғынжай беру туралы өтiнiш жасау алдындағы соңғы он екi айда отбасының әрбiр мүшесiне республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 3,1 еселенген мөлшерiнен төмен болуға тиiс;
2) осы Заңның 68-бабының 1-1) — 5), 7,) 8), 10) және 11) тармақшаларында аталған, тұрғын үй беру туралы өтiнiш жасаудың алдында соңғы он екi ай iшiнде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбiр мүшесiне республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 3,1 еселенген мөлшерiнен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi.
Ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 3,1 еселенген мөлшерiндегi коэффициент мүгедек балаларға қолданылмайды;
3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлiкке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттiк орган қызметкерлерiне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
4) жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға негiздер болған жағдайда азаматтар «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы филиалының Халыққа қызмет көрсету жөнiндегi Жамбыл ауданы бөлiмi арқылы тиiстi өтiнiшпен жүгiнуге құқылы.
Сондай-ақ, қандай да бiр санатқа тиесiлi мәртебесiн растайтын электрондық құжаттар қоса берiле отырып, Egov.kz сайт арқылы өз бетiнше электрондық өтiнiм беруге болады.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрi — Заң) реттеледi.
Заң.ың 74-бабына сәйкес, «Мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай, … барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмдерде белгiленген кезектiлiк тəртiбiмен берiледi».
Кезектiлiк үйлердiң тапсырылуына қарай iлгерiлетiледi, бұл ретте тұрғын үй мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға тiзiмдермен белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен берiледi.