Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар

1-қосымша

қалыптастыру қағидаларына,

іске асыру мониторингі және

әлеуметтік тапсырысты

бағалау нәтижелері

 

 


2024 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс

тақырыптар туралы ақпарат

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. тенге)

Ақпарат көзін көрсете отырып оның  негіздемесі

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1.       

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңін өткізу жөніндегі іс-шаралар кешені

400,0

 

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкімінің 4-тармағының 1) тармақшасы

 

Аудан тұрғындары

Қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау. Құжаттарды жинау, комиссия отырысын өткізу, жеңімпаздарды анықтау. Салтанатты жағдайда марапаттау рәсімін өткізу.

2.       

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру

500,0

 

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру.

 

Аудан тұрғындары

Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетіп, буклеттер тарата отырып, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

3.       

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу

300,0

 

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы №483-IV ҚРЗ

Аудан тұрғындары

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ Қоғамда радикалды идеологияны тұрақты қабылдамауды қалыптастыру.

4.       

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені (буллинг, суицид, нашақорлық, темекі қоспаларын пайдалану)

 

300,0

2022-2024 жылдарға арналған  «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Оқушылар мен жастар

Жасөспірімдер мен жастардың құқық бұзушылыққа теріс көзқарасын қалыптастыру. Диалог алаңдарын, дөңгелек үстел, тренингтер өткізу, бейнероликтер көрсету. Көрнекі материалдарды тарату (жадынамалар, брошюралар және т.б.).

 

2023 жылғы 27 желтоқсандағы жағдай бойынша

Орынд. Сәкенова М.Н. телефон 8715-44-2-18-41

Жарияланған күні

27 желтоқсан 2023 11:01

Жаңарту күні

27 желтоқсан 2023

Срок публичного обсуждения

27 желтоқсан 2023