«Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-сі Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Денсаулық сақтау

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу,

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі,

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Функционалды міндеттер

- Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және оған басшылық ету;

-  Жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысын қамтамасыз ету (бұдан әрі - тақырып бойынша);

- Облыстың босандыру және балалар медициналық ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін, сондай-ақ ғылыми жетістіктерді, жоғары технологиялар мен әдістемелік материалдарды енгізудің республикалық және облыстық жоспарларына сәйкес жұмысты ұйымдастырудың жаңа нысандарын практикаға енгізуді үйлестіру;

-  Ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік, өңірлік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларды әзірлеу және мониторингілеу бойынша жұмыс жүргізу;

- Ана мен бала денсаулығының жай-күйіне, облыстың медициналық ұйымдарының қызметіне талдау жүргізу;

- Жетекшілік ететін бағыты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша денсаулық сақтау мекемелерінің қызметін үйлестіру;

- Ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру және оны жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

- Облыс халқына медициналық қызмет көрсету сапасына тексеру жүргізу;

- Медициналық ұйымдардағы аппаратура, құрал-саймандар мен дәрі-дәрмектерге қажеттілікке талдау жүргізуге қатысу және оларға өтінімдер жасау, сондай-ақ оларды ұтымды пайдалануды бөлуге және бақылауды жүзеге асыруға қатысу;

- Профилактиканың, диагностиканың, емдеудің жаңа әдістерін және жетекшілік ететін бөлімдер бойынша жұмысты ұйымдастырудың жаңа нысандарын практикаға енгізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

- Жетекшілік ететін мәселелері бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне, облыс әкімдігіне және басқа да ұйымдарға есептік деректерді дайындау.

- Тізілімге сәйкес мемлекеттік қызметтердің орындалуына мониторинг жүргізу.

- Науқастарды облыстан тыс жерлерге консультацияға және емдеуге жіберуді ұйымдастыру.

- Әйелдер мен балаларды ауруханаға жатқызу бюросы порталының жұмысын ұйымдастыру және бақылау.

- Балаларды, жүкті әйелдерді және гинекологиялық науқастарды республикалық және шетелдік клиникаларға емдеуге жіберу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

-  Ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты қамтамасыз ету және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін тексеру, медициналық көмектің қойылуы мен сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған келесі ұсыныстармен нәресте және бала аурушаңдығы, бала және ана өлімі көрсеткіштерінің статистикалық есептерін талдау;

Кәмелетке толмағандардың істері және баланы қорғау құқықтары жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

- Бейіні бойынша штаттан тыс мамандардың жұмысын үйлестіру;

- Облыстың иммунопрофилактика және ауа-тамшы инфекциялары бөлімі бойынша ұйымдастыру-әдістемелік қызметті жүзеге асыру және практикалық көмек көрсету.

- Облыстың ересек балалары үшін вакцинациялауды жоспарлауды жүзеге асыру және оның орындалуын одан әрі бақылау.

- Облыстың медициналық ұйымдары үшін медициналық иммунобиологиялық препараттарды сатып алу бойынша жыл сайынғы бюджеттік өтінімді жасау (республикалық, жергілікті бюджет).

- Облыстың медициналық ұйымдары үшін МИБП сатып алу үшін техникалық ерекшелікті әзірлеу (жергілікті бюджет).

- МҰ, СЭБК аумақтық органдарымен, ЭОСО, вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша облыстың ведомстволарымен және қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау.

- №3,4 нысандарға сәйкес халықтың иммундық-алдын алуды қамту бойынша есептер жасау.

- Вакцинамен басқарылатын инфекциялардың динамикасына эпидемиологиялық мониторинг ұйымдастыру және жүргізу, эпидемиологиялық процестерге жедел және ретроспективті талдау жүргізу.

- вакцинациядан кейінгі асқыну ВКА (ПКР) жағдайларының себептерін анықтау, жағдайды талдау және иммундауда жіберілген қателерді жою.

- Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық көмек көрсету мониторингі;

- Сақтау және нығайту жөніндегі іс-шараларды жыл сайын жоспарлау, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы, олардың арасында сырқаттанушылықтың төмендеуі;

-    МСАК-қа жетекшілік ететін бөліммен бірлесіп, созылмалы аурулары, қауіп факторлары бар, сондай-ақ профилактикалық медициналық қарап-тексеру барысында анықталған және (немесе) динамикалық байқауға жататын жекелеген жіті ауруларды кейіннен МСАК деңгейінде учаскелік дәрігердің (ЖПД, педиатр) сауықтыра отырып, уақтылы динамикалық байқауды ұйымдастыру және бақылау;

-МСАК жетекшілік ететін бөліммен бірлесіп, «Профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі мекемелерге баратын мектеп жасына дейінгі балаларды, мектеп оқушыларын, орта-арнайы және жоғары оқу орындарының 18 жасқа дейінгі оқушылары мен студенттерін скринингтік қарап-тексерудің дайындық және дәрігерге дейінгі кезеңдерін бақылау;

- Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің аурушаңдығына талдау жүргізу және денсаулық жағдайы мәселелерін шығару;

- Жыл сайын және сұрау салу бойынша сырқаттанушылық, профилактикалық медициналық қарап-тексерулер жүргізу, оқушыларды (тәрбиеленушілерді) денсаулық жағдайы (денсаулық топтары), дене дамуы, дене тәрбиесі топтары, диспансерлік бақылау және жүргізілген сауықтыру бойынша есептер ұсыну;

- Ай сайынғы профилактикалық егулер жоспарының орындалуына талдау жүргізу;

- Оқу семинарларын алдын ала өткізе отырып, білім беру мекемелерінде балаларға қызмет көрсететін дәрігерлерді балалардың сауықтыру лагерьлерінде (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) жазғы сауықтыру науқанын өткізуге қатысуға тарта отырып, жазғы сауықтыру науқанын өткізуді қамтамасыз етуді бақылау;

- Аумақтық білім беру органымен бірлесіп балаларды сауықтыру, аурулардың хронизациясына жол бермеу, мектепке дейінгі балалар немесе білім беру ұйымдарында жыл бойы баланы қоршаған ортаның сауықтыру іс-шараларын әзірлеу мәселелерін пысықтау;

- Балалар жарақатының алдын алу, есепке алу және барлық жарақат жағдайларын талдау;

- Оқушылардың, оның ішінде созылмалы аурулары бар балалардың денсаулық жағдайы туралы деректерді медициналық ақпараттық жүйелерге, бала денсаулығының электрондық картасына енгізуге мониторинг, профилактикалық және жоспардан тыс тексерулерден өту кестесі мен нәтижелері, туберкулез бойынша химиялық профилактика жүргізу, «Қазақстан Республикасының профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесіне» сәйкес оқушының жеке егу күнтізбесін қалыптастыру;

- Мектептік медициналық пункттерді медициналық құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, егу материалдарымен қамтамасыз ету мониторингі;

- «Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы №ҚР ДСМ-25 бұйрығына сәйкес жұмыс ұйымдастыру;

- «Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы  №ҚР ДСМ-92 бұйрығына сәйкес жұмыс ұйымдастыру;

- Иммунопрофилактика жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарларын, бағдарламаларын әзірлеуге, анықтамалық-ақпараттық материалдарды дайындауға қатысу.

- Ана мен бала өлімін төмендету және алдын алу бойынша шаралар қабылдау бойынша облыстық штабты дайындау және өткізу;

- Облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқасында, ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінде материалдар дайындау;

- Медициналық көмектің сапасы бойынша халықтың шағымдарын туғызатын себептерді талдау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау;

- Босандыру және балалар ұйымдарында медициналық көмек көрсету бойынша азаматтардың өтініштеріне талдау жүргізу;

- Облыстың медициналық ұйымдарына төтенше жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсету, азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету;

- Денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыру мониторингіне қатысу;

-Денсаулық сақтау жүйесінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік органдарға аналитикалық анықтамалар мен ақпарат дайындау.

- Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін қарау.

- Жедел ақпаратты жинау және тапсыру.

А функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 27.09.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.09.2023 – 02.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 Mb

Сұхбаттасу күні

04.10.2023

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

87152340216