Хабарлама

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Явленка аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды. Мекеме денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жүзеге асырады. Мекеменің мекенжайы: СҚО Есіл ауданы, Явленка ауылы, Амангелді Иманов көшесі, 78, тел: 8 (71543) 2-16-95.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарға жоғары білім, сондай-ақ келесі талаптардың бірі кіреді:
1) денсаулық сақтау саласында немесе ұйым және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық бейіні бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;
2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйым бейіні бойынша жұмыс өтілі және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) басшы лауазымға орналасу құқығы 3 жылдан кем емес;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) кәсіпкерлік және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.
Үміткер осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күн ішінде Петропавл қаласы, Театральная к-сі, 56А, 23-кабинет мекенжайына келесі құжаттарды ұсынады:
- конкурсқа қатысуға өтініш;
- мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
- кез келген нысандағы өмірбаян;
- кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
- еңбек кітапшасының (бар болса) немесе соңғы жұмыс орнынан еңбек шартының көшірмесі;
- Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби жұмыс деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтарды беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсыныстары) ұсына алады.
Үміткер конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгілей отырып, конвертке салады. Бұл конвертте кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты және мекен-жайы болуы керек. Содан кейін конверт сыртқы конвертке жабылады. Ішкі және сыртқы конверттер:
- Петропавл қаласы, Театральная к-сі, 56 А, 23-кабинет мекенжайы бойынша тиісті саланың уәкілетті органына жіберілуі қажет.
- «Мемлекеттiк кәсiпорынның Байқау кеңесiнiң мүшелерiне конкурс өткiзу» және «2024 жылғы.06 тамыз сағат 17.00-ге дейiн ашпау керек» деген сөздермен қамтылуы қажет.
Конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада жіберіледі. Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу конкурсы 2024 жылғы 08 тамызда сағат 17:00-де мына мекенжай бойынша: Петропавл қаласы, Театральная көшесі 56 А, 23 каб. өткізіледі.
Анықтама үшін телефон: 8 (7152) 46-94-91