СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ МАМАНДАРЫ ҰОС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ МАМАНДАРЫ ҰОС АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

9 мамыр қарсаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары ҰОС ардагерлері Волкадав Валентина Архиповнаны, Сергеев Дмитрий Петровичті, Макиенко Василий Васильевичті және Щеглов Федор Васильевичті Жеңіс күнімен құттықтады. Жеңіс жауынгерлерімен жүздескен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшының орынбасары Н.Тағаниязов басшылық атынан алғыс айтып, бейбіт күн сыйлаған батырларға игі тілегін жеткізді. Сонымен қатар, ардагерлерге толық медициналық көмек болатынын,қажет болса дәрігерлер үйлеріне келіп толық тексерістен өткізе алады. Жарқын әрі бейбіт өмір сыйлаған жандарға мың алғыс!