"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ-сі қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маман-бухгалтері (2023 жылғы 19.10. дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне, уақытша)

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

210087

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа да міндетті білімдерді білу. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті» білу.

Функционалды міндеттер

Қазынашылықтың аумақтық органымен банк құжаттарын рәсімдеу бойынша жұмыс істейді. Басқарманың қызметкерлеріне, сондай-ақ Басқармада уақытша құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқандарға жалақы есептейді. Қазынашылық департаментіне, Қаржы басқармасына және Мемлекеттік кірістер департаментіне есеп-қисап береді. Басқарманың кассалық операцияларын жүргізеді. Басқармада бухгалтерлік есепті ұйымдастырады. Басқарма бойынша бекітілген ерекшеліктерге сәйкес қаражаттың мақсатқа сай жұмсалуы бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. Тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдарға түгендеу жүргізеді. Банк құжаттарының есебін жүргізеді және өңдейді, есеп айырысу операцияларының уақтылы жүргізілуін, бастапқы құжаттарды, аванстық есептерді қабылдауды және өңдеуді қамтамасыз етеді. Шоттар бойынша айналымдық-сальдолық ведомостарды, несие мен шығыстарды есепке алу кітабын, бас кітапты жүргізеді. Операция жасау күндері бойынша құжаттарды жүйеге келтіреді және жинақтаушы ведомостар мен мемориалдық ордерлерді рәсімдейді. Айлық, тоқсандық, жылдық есептерді, коммуналдық мүліктің тізілімі бойынша есепті құрастыруды және беруді қамтамасыз етеді. Негізгі құралдардың, материалдардың, АТЗ-ның есебін жүргізеді, есептен шығарады, тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуді ұйымдастырады және жүргізеді. Сенімхаттар беру кітабын жүргізеді. Ведомствоға бағынысты кәсіпорындармен жұмыс жүргізеді. Депозит шоттары бойынша операциялардың есебін жүргізеді. Бөлімге келіп түсетін құжаттардың орындалуын жүзеге асырады. Келіп түсетін бухгалтерлік және басқа де есептіліктерді тексереді, қаржылық-экономикалық ақпаратты жинайды және өңдейді.

Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша тоқсандық және жылдық есептер құрастыруды және беруді, бюджеттік өтінімдер жасауды қамтамасыз етеді, нысаналы трансферттердің игерілуін жинақтайды және талдайды. Ведомстволық бағынысты ұйымдар ұсынған негізгі құралдарды есептен шығаруға арналған құжаттарды қарауды жүзеге асырады. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың тоқсандық, жылдық қаржылық есептілігін тексереді және талдайды, дебиторлық және кредиторлық берешектің жағдайын талдайды, ведомстволық бағынысты ұйымдар жұмысының тиімділігін бағалау үшін ақпарат дайындайды. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың активтер мен міндеттемелерді түгендеуін, түгендеу нәтижелерінің уақтылы және дұрыс айқындалуын, ұсынылған қаржылық есептілік негізінде олардың есепте көрсетілуін бақылайды.  

С функционалдық блогі

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.11.2022 – 24.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

28.11.2022

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 107 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

87152340216