«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ басшысы - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігері
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
688752
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн және осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа да міндетті білімдерді білу. «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін», «Ветеринария туралы», «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу.
Функционалды міндеттер
Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Басқарманың ережесінде көзделген функцияларды жүзеге асыру. Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді. Орындауға жіберілген жоспарлы құжаттарды, нормативтік-құқықтық актілерді бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы түрде ұсыну бойынша шаралар қолданады. Өз орынбасарының және Басқарма мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды. Заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. Заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады. Басқарманың құзіретіне кіретін барлық өкімдік, қаржылық және өзге де құжаттарға қол қояды. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді. Жеке және заңды тұлғалардан ветеринария мәселелері бойынша келіп түскен өтініштерді қарап, ветеринариялық заңнама бойынша кеңес және түсінік береді. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін басқаруды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
d.karimzhan@sko.gov.kz
- 14.11.2022
- СҚО Петропавл қ. Конституции Қазақстана к. 58 , 107 каб.
-
8(7152)50-16-79