Профилактика және бірдейлендіру бөлімінің Ақжар ауданы бойынша жетекші маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-5

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

    Функционалды міндеттер

    Ауру жануарларды санитариялық союды қамтамасыз ету. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру. Эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу. Эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын жүргізу. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету. Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинауды ұйымдастыру және жинақтау. Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 01.06.2020

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    02.06.2020 – 10.06.2020
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    16.06.2020

    Сұхбаттасу орны

    Петропавл қ. Жамбыла к-сі, 302

    Анықтама алу үшін байланыс

    8-715-2-42-57-14