"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ-нің ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін орындауға қажетті басқа да міндетті білімдерді білу. «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін», «Ветеринария туралы», «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу.
Функционалды міндеттер
Ауру малдарды санитариялық союды қамтамасыз ету. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру. Эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу. Эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын жүргізу. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету. Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинауды ұйымдастыру және жинақтау, жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 13.08.2021
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті
-
8 (7152) 46-50-79