Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау қызметінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146000

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Құқықтану

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру тұрғысында талдау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын талдау. Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ бірінші және екінші санаттағы рұқсатты беру кезінде нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында реттелмеген құжаттарды талап ету фактілерін анықтау. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайдың болуын талдау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің қорытындыларын талдау. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізуге қажетті қосымша ақпарат алу үшін мемлекеттік органдарға жүгіну. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының ішкі мониторингінің қорытындысы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау: мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін жетілдіру, оның ішінде оларды автоматтандыру, оңтайландыру және оларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетуге көшіру; мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу; Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасын сақтамаудың анықталған фактілерін жою; Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылу фактілері бойынша бақылау іс-шараларын жүргізу; мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс-орталығында, мемлекеттік қызметтер көрсетілетін орындарда, «электрондық үкімет» веб-порталында, мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты өзектендіру; көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша түсіндірме іс-шараларын жүргізу; қызметкерлердің мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды әзірлейді. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ішкі мемлекеттік бақылау жұмысы туралы есеп беру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.06.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.06.2020 – 11.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

17.06.2020

Сұхбаттасу орны

Петропавл қ. Жамбыла к-сі, 302

Анықтама алу үшін байланыс

8-715-2-42-57-14