ант беру

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ант қабылдау мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
2023 жылғы 22 маусымда СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасында алғаш рет қабылданған және сынақ мерзімінен ойдағыдай өткен мемлекеттік қызметші – есепке алу және бірдейлендіру бөлімінің бас маманы Алтын Сабырқызы Шукенова салтанатты түрде ант қабылдады.
Салтанатты іс шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды.
Басқарма басшысы Жанат Қабижанұлы Әміржанов құттықтау сөз сөйледі.
Мемлекеттік қызметте табыс, алға қойған мақсаттарға жетуде сәттілік тіледі.