
Қазақстан халқының бiрлiгi күнiн мерекелеу қарсаңында «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерiнiң салалық кәсiптiк одағы» қоғамдық бiрлестiгi атқарушылық комитетiнiң қаулысымен Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Болыспаев Олжас Әлжанұлы, әкiмшiлiк-құқықтық бөлiмнiң бас маман-заңгерi Әшiмов Азамат Серғазыұлы адал еңбегi, ветеринария саласына қосқан үлесi, ауыл шаруашылығы саласының кәсiподақ қозғалысын қолдағаны үшiн III дәрежелi «Еңбек Даңқы» төсбелгiсiмен марапатталды.