Әдеби-музыкалық композиция «Júrekten sһyqqan ánderi»

2020 жылдың 4 наурызында СҚУ колледжi «И. Даутов атындағы Петропавл қ. қызмет көрсету саласы колледжi» КММ-мен бiрлесiп «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Júrekten sһyqqan ánderi» әдеби-музыкалық композициясын өткiздi.
Iс-шара басталар алдында И. Шухов атындағы кiтапхананың кiтап көрмесi iс-шараға қатысушыларға Абай шығармаларының кiтап көрмесiне библиографиялық шолу ұйымдастырды.
Студенттер әр тiлде ақынның өлеңдерiн, пiкiрлерiн ойларын оқыды. Студенттер мен оқытушылар Абайдың А.С. Пушкинмен, Зере әжелерi, анасы Ұлжанмен кездескен сәттерiнен қойылым ойнады.
«№8 жалпы бiлiм беретiн эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенi» КММ 9 «ә» сынып оқушысы Алғали Диас «Айттым сәлем, Қаламқас» әнiн орындады.
Өнер колледжiнiң студенттерi «Аққу әнi», «Томирис» билерiн өте тамаша орындады.
Әдеби-музыкалық композицияға қатысушылардың өнерлерi қонақтарға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың әдеби шығармашылығымен тағы бiр қауышуға мүмкiндiк бердi.
Мұндай бiрлескен iс-шаралар ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты дамытуға, студенттер мен педагогтар арасында таланттарды көрсетуге ықпал етедi.