Солтүстiкқазақстандық педагог, нөмiр 1-шi орта мектебiнiң директоры  Курленя Александр Юрьевич «Қазақстанның еңбек сiңiрген ұстазы» құрметтi атағымен марапатталды

Солтүстiкқазақстандық педагог, нөмiр 1-шi орта мектебiнiң директоры  Курленя Александр Юрьевич «Қазақстанның еңбек сiңiрген ұстазы» құрметтi атағымен марапатталды

Солтүстiкқазақстандық педагог, «Петропавл қаласының №1 орта мектебі» КММ директоры Александр Юрьевич Курленя «Қазақстанның еңбек сiңiрген ұстазы» құрметтi атағымен марапатталды

Солтүстiкқазақстандық педагог, «Петропавл қаласының №1 орта мектебі» КММ директоры Александр Юрьевич Курленя «Қазақстанның еңбек сiңiрген ұстазы» құрметтi атағымен марапатталды. Марапатты Қазақстан Республикасы  Бiлiм және ғылым министрi Асхат Аймағамбетов табыстады.

А.Ю. Курленя —Солтүстiк  Қазақстанға танымал ақын, жазушы  және публицист, бiрнеше кiтаптың  авторы,  дарынды аудармашы. Александр Юрьевич өзiне жүктелген  негiзгi мiндеттерден басқа қоғамдық  жұмыстарға да белсендi қатысады. Ол 12 жыл бойы қалалық және облыстық маслихат депутаты, 2005 жылдан бастап «Лад» славян мәдениетiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық қоғамын басқарып келеді.  1999 жылдан  «Нұр Отан» партиясының мүшесi.  Ол 2007 жылы  Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, 2015 жылы  маслихатқа 20 жыл медалiмен,  2006 жылы «Ы.Алтынсарин» төс белгiсiмен марапатталған.