«Наурыз мерекесi — ұлттық сананың, ұлттық бiрлiктiң жарқын көрiнiсi»

Жарияланған күні: 19 наурыз 2021
«Наурыз мерекесi — ұлттық сананың, ұлттық бiрлiктiң жарқын көрiнiсi»

Наурыз мейрамы — жер бетiндегi ең көне мерекелердiң бiрi. Оны бес мың жылдан астам уақыт бойы көптеген халықтар, соның iшiнде бiздiң республикамызда да көктем мен табиғаттың жаңару мерекесi ретiнде атап өтуде. Наурыз — жаңа күннiң бастауы. Табиғаттың жаңарып, тiршiлiктiң жанданып, ниеттiң тазарып, жақсылықтың, iзгiлiктiң оянатын шағы.