Меню

Страницы

Статья

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАР

Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Экологиялық тәрбие «Адал азамат» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Жыл басынан бері облыс мектептерінде 84 мыңнан астам оқушыны қамтыған экологиялық бағыттағы 1,8 мыңнан астам сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар үшін экологиялық квесттер, фестивальдер, форумдар, ашық сабақтар мен табиғатты қорғау акциялары ұйымдастырылуда.

Ауқымды іс-шаралардың қатарында «Болашақ біздің қолымызда» экологиялық квесті, «Суды үнемде – болашақты сақта» жобасы аясындағы су үнемдеу тақырыбындағы ашық сабақ, «Құстар әлемі» эко-фестивалі, жас экологтар мен натуралистердің «Тірі планета» форумы, сондай-ақ 73 мыңнан астам адамды біріктірген республикалық «Жер сағаты» акциясы бар.

Практикалық экологиялық бастамаларға ерекше көңіл бөлінуде. Облыста құстарға арналған жем салғыштар мен ұяшықтар жасау және орналастыру акциялары белсенді өткізілуде. 2026 жылы оқушылар мен ата-аналар 3200-ден астам құс ұясы мен жем салғыш жасап орналастырды. Педагогтер мен білім алушылар республикалық орман отырғызу акциясына да қатысты.

Өңірде экологиялық үйірмелер, жас натуралистер клубтары және «Жасыл клубтар» табысты жұмыс істеуде. Қазіргі таңда облыста 105 экологиялық үйірме, 29 жас натуралистер клубы және 216 «Жасыл клуб» жұмыс істейді, оларда 7 мыңнан астам оқушы қамтылған.

Сонымен қатар, мектептерде 102 жылыжай жұмыс істейді. Онда оқушылар өсімдіктерді өсірудің тәжірибелік дағдыларын меңгеріп, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды үйренеді. Экологиялық бастамаларды ілгерілетуде 438 Жер амбассадоры мен «Экология министрлері» белсенді рөл атқаруда.

Жалпы облыстың білім беру ұйымдарында 93 мыңнан астам адамның қатысуымен 2,6 мыңнан астам экологиялық іс-шара өткізілді. Балаларды экологиялық тәрбиелеу және табиғатты қорғау қызметіне тарту жұмыстары жазғы демалыс кезеңінде де жалғасады.

Дата публикации
21 мая 2026
Дата обновления
22 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы