Меню

Страницы

Статья

Сауықтыру лагерлері туралы мәліметтер

2024 жылы 1-10 сынып оқушыларының 87% - ы (64 мың оқушы) жазғы демалыстың және жұмыспен қамтудың әртүрлі түрлерімен қамтылды. 

Лагерьлерді жөндеуге 755,4 млн. теңге бөлінді.

Қала сыртындағы демалыс 5842 баланы қамтитын 10 лагерьде (7 Мемлекеттік, 3 лагерь сенімгерлік басқаруға берілді) ұйымдастырылды.

"Жаздық жолдама" жобасы аясында ("Қазақстан халқына" ҚҚ есебінен) "Эдельвейс Бурабай" және "Парус" (Ақмола облысы) лагерьлерінде ауылдық жерлерден 522 оқушы тегін демалды.

Сонымен қатар, "Балдәурен" республикалық орталығында 96 бала, "Бөбекте" 20 бала демалды. Балалардың тұрғылықты жері бойынша бос уақытын 30 қосымша білім беру ұйымы және 25 аула клубы қамтамасыз етті.

"Бір күн қалада" жобасы аясында кесте бойынша ауылдық жерлерден облыс орталығының көрікті жерлеріне 3700-ден астам бала келді.

Оқушылар сарайының базасында 2400 баланы қамтитын Жазғы Академия жұмыс істеді.

2024 жылғы балаларды сауықтыру науқанын дайындау және өткізу бойынша жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шаралар белгіленген талаптарға сәйкес балалардың демалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

 

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА «Қауіпсіз каникул – 2023»

2023 жылғы жазғы кезеңде демалу мен сауықтыруды ұйымдастыру туралы

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында мектеп жанындағы, бейіндік, спорттық және 1 — қала сыртындағы лагерь өз жұмысын бастады.

Жамбыл ауданында этноауылдар ашылды. Ғ. Мүсірепов.

 

ПРЕСС-РЕЛИЗ

2023 жылғы 19 мамырда сағат 10.00-де облыстың жалпы білім беру мекемелерінде " Менің мектебім буллингке қарсы!"ол білім беру ұйымдарындағы буллинг мәселесіне жалпы жұртшылықтың назарын аударуға, сондай-ақ балаларды буллингтен қорғауға, құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениет негіздерін игеруге, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.

 

 

ПРЕСС-РЕЛИЗ

2023 жылғы 11 мамырда сағат 15.00-де жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауығуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері бойынша облыстық кеңес өтті.

Жиналысқа қатысушылар: аудан және Петропавл қаласы әкімдерінің орынбасарлары, аудандар мен Петропавл қаласы білім бөлімдерінің басшылары, СҚО полиция департаментінің, СҚО ТЖ департаментінің, СҚО Денсаулық сақтау басқармасы, СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, СҚО әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері, Балалардың жазғы демалысы мәселелеріне жетекшілік ететін мамандар (аудандар мен Петропавл қаласының білім бөлімдері), қаладан тыс балалар сауықтыру лагерлерінің директорлары.

Кеңесте жазғы демалысты ұйымдастыру, демалыс кезінде балаларды сауықтыру және жұмыспен қамту, жазғы кезеңде балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар жаппай болатын объектілерде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау, сауықтыру лагерлеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарды сақтау мәселелері қаралды.

 

 

Ақпарат жазғы демалыс барысы туралы

Ағымдағы жылы облыста жазғы демалыс және жұмыспен қамтудың әртүрлi түрлерiмен 1-10 сынып оқушыларының 95% қамту жоспарланған (67 мың оқушы, 2021 жылы — 69 мың оқушы).

Ағымдағы жылдың маусым айында 45000 баланы қамтитын 611 мектеп жанындағы алаңдар жұмыс iстедi, оның iшiнде 10123 баланы қамти отырып, тамақтандырумен 287 лагерь,34877 баланы қамти отырып, 324 бейiндi лагерь және тамақтандырусыз алаң, 5210 баланы қамтитын 141 шатырлы (киiз үй лагерi ) лагерь жұмыс iстедi. Балалар жылына арналған iс-шаралар жоспарын iске асыру шеңберiнде облыста маусым айында 7 этнолингвистикалық балалар лагерi жұмыс iстедi (Жамбыл, Аққайың, Ғ.Мүсiрепов, Тайынша, Тимирязев, Шал ақын, Уәлиханов). 2,5 мыңнан астам бала қамтылған.

Облыс мектептерiнде 10000-нан астам баланы қамтитын жорықтар, экскурсиялар, слеттер ұйымдастырылады.

Облыс аумағында 14 қала сыртындағы лагерь орналасқан. Оның iшiнде 6000-нан астам баланы қамтитын 9 қала сыртындағы лагерь жұмыс iстейдi.

Жалпы бiлiм беру қорынан 3 мыңнан астам бала, оның iшiнде әлеуметтiк қорғалмаған отбасылардан, түрлi салаларда жетiстiкке жеткен оқушылардан, девиантты мiнез-құлықты балалардан демалады. Бұл мақсатқа 76,6 млн теңге бөлiндi.

10 000-ға жуық бала ата-аналарымен бiрге ел iшiнде және одан тыс жерлерде көшпелi демалыспен қамтылады.

Дата публикации
21 июля 2022
Дата обновления
24 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы