Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталуы мен аяқталуының мынадай мерзімдері айқындалсын:
2025 жылғы 1 қыркүйек – 2026 жылғы 25 мамырды қоса алғанда:
1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсандардың және демалыстардың ұзақтығы:
1-тоқсан – 8 оқу аптасы,
күзгі демалыс – күнтізбелік 7 күн (2025 жылғы
27 қазаннан бастап 2 қарашаны қоса алғанда);
2-тоқсан – 8 оқу аптасы,
қысқы демалыс – күнтізбелік 10 күн (2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда);
3-тоқсан – 10 оқу аптасы,
көктемгі демалыс – күнтізбелік 11 күн
(2026 жылғы 19-29 наурызды қоса алғанда);
1-сыныптарда қосымша демалыс – күнтізбелік 7 күн (2026 жылғы
9-15 ақпанды қоса алғанда):
4-тоқсан – 8 оқу аптасы.
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ)
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) білім беру ұйымдарынан тәуелсіз тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі – МЖБС) сәйкес білім алушылардың білім сапасын жүйелі бақылау болып табылады.
ББЖМ кейіннен әдістемелік көмек көрсете отырып және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, нәтижелерін дайындауды және жүргізуді, өңдеуді және жүйелі талдауды қамтиды.
Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ МЖБС талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі.
ББЖМ 4 және 9 сынып оқушылары арасында бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында өткізіледі.
ББЖМ 4-9 сыныптарда тестілеу нысанында электрондық форматта, оқыту тілінде үш бағыт (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша жүргізіледі.
ББЖМ өткізілетін орта (бастауыш, негізгі орта) ұйымдардың тізбесін жыл сайын Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мынадай параметрлер бойынша іріктейді:
– аумақтық тиістілігі (қала, ауыл);
– жалпы білім беретін мекемелердің түрлері (жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия, мектеп-гимназия, мектеп-лицей);
– меншік нысаны (мемлекеттік, жеке);
– оқыту тілі (қазақ/орыс);
– білім беру ұйымдарының қатысу пайызы (25%).
Бөлiмнiң қызметiнiң мақсаты — бiлiм беру процесiнiң барлық деңгейлерiнде (мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта) сапалы бiлiм беру қызметтерiн ұсыну, оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң бiлiм сапасын көтеру және нәтижесiнде солтүстiк қазақстандық бiлiмiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
Мiндеттерi:
мектепке дейiнгi бiлiм беруде:
орта бiлiм беруде:
оқушыларға жайлы оқу мен өмiр сүру жағдайларын жасау шеңберiнде:
арнайы бiлiм беруде:
түлектерге кәсiптiк бағдар беру және жұмысқа орналастыру шеңберiнде: