«2026 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасына баспасөз релизі

«2026 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабы 1-тармағы
2,3-тармақшаларына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 446 бұйрығымен бекітілген Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес:

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 5-тармағына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органы жергілікті атқарушы органның халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша ұсынған ұсыныстары негізінде жыл сайын ағымдағы жылғы 5 желтоқсанға дейін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін алдағы жылға жұмыс орындарына квота белгілейді және квота белгіленген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған қатысты квота белгіленген жұмыс берушілердің назарына жеткізеді (1-қосымша);

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 5-тармағына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органы жергілікті атқарушы органның Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша ұсынған ұсыныстары негізінде жыл сайын ағымдағы жылғы 5 желтоқсанға дейін пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін алдағы жылға жұмыс орындарына квота белгілейді және квота белгіленген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған қатысты квота белгіленген жұмыс берушілердің назарына жеткізеді (2-қосымша).

Осыған байланысты, Басқарма бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындау үшін жұмыс орындарының саны, жұмыс беруші мансап орталықтарына беретін мамандықтар бөлінісінде бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтер негізінде ұйымдарда квота белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірледі.

Осылайша, қаулы жобасының мақсаты бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға жұмыс іздеуге жәрдемдесу жөніндегі кепілдіктерді іске асыру болып табылады.

2025 жылғы 20 қарашада жоба «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін жарияланды.

Қызмет бағыты