«Ата Заң апталығы» жобасы

«Ата Заң апталығы» жобасы

Қазақстан Республикасының Конституциясы — мемлекеттiң ең жоғары заңды күшi бар негiзгi заңы. 2020 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толмақ. Ата Заңның мерейтойы қазақстандық мемлекеттiлiктiң дамуындағы айтулы оқиға болып табылады.

2020 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi ұлттық iс-шаралар жоспары аясында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы Zoom бағдарламасы негiзiнде «Ата Заң апталығы» жобасы шеңберiнде онлайн-конференция өткiздi.

Жобаның мақсаты — Конституцияның қоғам мен мемлекеттi жаңғыртудағы рөлiн терең түсiну, көпшiлiк халықтың назарын Ата Заңымызға аудару, қоғамның конституциялық мәдениетiн арттыру.