2024 жылы өткен бос орындар жәрмеңкелерінің қорытындысы

2024 жылы өткен бос орындар жәрмеңкелерінің қорытындысы

Бос орындар жәрмеңкесі жастарды, өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыз азаматтарды және жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмысқа орналастыруға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартудың тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады.

 Жәрмеңкелерді өткізу компания өкілдеріне өз кәсіпорындарының мүмкіндіктерін таныстыруға мүмкіндік береді, ал жұмыс іздеушілер қысқа уақыт ішінде кадрларға қызығушылық танытқан көптеген жұмыс берушілермен сөйлесе алады, қызықтыратын бос орындарды таңдай алады және таңдалған бос лауазымға орналасу үшін әңгімелесуден өте алады.

Өңірде бос орындар жәрмеңкелері тұрақты негізде, оның ішінде онлайн форматта да өткізіледі.

Мәселен, 2024 жылы облыстың 1334 кәсіпорны мен мекемесінің және 6000-ға жуық жұмыс іздеушінің қатысуымен 165 бос орындар жәрмеңкесі өтті, оның 28-і онлайн форматта ұйымдастырылды.

2025 жылы қаңтарды облыстың барлық аудандарында кестеге сәйкес онлайн форматта  168 бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Қызмет бағыты