Жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету

Жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету

Ағымдағы жылғы 15-16 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Петропавл қаласының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерімен және қала аумағында орналасқан медициналық-әлеуметтік мекемелермен бірлесіп, 100 жалғыз тұратын зейнеткер мен әлеуметтік қызметкерлер тарапынан әлеуметтік қызмет көрсетілетін мүгедектігі бар адамды ауыз сумен қамтамасыз етті.

Қызмет алушылар аға буынға көрсеткен қамқорлығымыз бен көмегіміз үшін алғыс сөздерін білдірді.

Ағымдағы аптаның соңына дейін қызмет алушылардың мекенжайларына ауыз су тасу жұмыстары жалғасатын болады.