Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру

Бүгінде жергілікті атқарушы органдардың жұмысындағы басты басымдық халықты жұмыспен қамтуды сақтау және олардың экономикалық белсенділігі болып табылады.
Инфрақұрылымды жақсартумен қатар жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету өңірдегі экономикалық жағдайға да оң әсерін тигізеді.
Осы бағдарлама аясында өңірде 32 млрд. теңгеден астам сомаға 377 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру көзделген. 11 жоба перспективалы болып табылады және олар аяқталғаннан кейін 482 жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Қаражат әлеуметтік нысандар мен ТКШ-ын жөндеуге және құруға, сондай-ақ, инженерлік-көліктік инфрақұрылымға да жұмсалатын болады. 6 488 жұмыс орны құрылады, оның ішінде жұмыссыздарға, аз қамтылған азаматтар мен жастарға баса назар аударып, 3 244 жұмыс орнына осы санаттағы азаматтар халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылатын болады.
Қазіргі уақытта 2 873 жұмыс орны құрылды және ХЖҚО жолдамасы бойынша 610 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыс берушілердің өтінімдеріне сәйкес жобаларда – тас қалаушылар, электршілер, бетоншылар, дәнекерлеушілер, қосалқы жұмысшылар неғұрлым сұранысқа ие.
Бағдарлама іс-шараларын сапалы орындау тек әлеуметтік салада ғана емес, тұтастай алғанда, экономикаға да қосымша серпін беруге мүмкіндік береді.