Республикалық үйлестіру кеңесінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелерін талқыланды

2023 жылғы 20 қыркүйекте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. К. Жақыпованың төрағалығымен Мүгедектігі бар адамдарды (бұдан әрі – МБА) әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Отырысқа облыс әкімінің орынбасары С. Ә. Аблалиев, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Р. С. Елжасов, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі В. В. Эрман қатысты.
Үйлестіру кеңесінің қызметі әлеуметтік қорғау, құқықтарды іске асыру және мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге бағытталған.
Отырыс барысында ҚР Әлеуметтік кодексі шеңберінде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері туралы, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, оңалтудың техникалық құралдарын өзектендіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәселелер қаралды.
Сондай-ақ, отырыс барысында Үйлестіру кеңесінің жұртшылық өкілдері қатарындағы мүшелерінің ұсыныстары талқыланып, барлық қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар берілді.