Мүгедектігі бар адамның жеке көмекшісі ретінде оқудан өту

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 163-бабына сәйкес (2023 жылғы 1 шілдеде күшіне енген) жұмыспен қамтудың белсенді шаралары шеңберінде кәсіптік оқудан өтпеген адам (2023 жылғы 1 шілдеге дейін жеке көмекші ретінде тіркелген адамдарды қоспағанда) жеке көмекші бола алмайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі skills.enbek.kz платформасында қолжетімді жеке көмекшілерді оқыту бағдарламасын (оқыту тегін негізде онлайн режимінде өтеді) пысықтады. Оқуды аяқтаған және тестілеуден өту қорытындысы бойынша өткен азаматқа сертификат беріледі.
Соқыр адамдарды алып жүруге арналған жеке көмекшінің кәсіби курсынан өту үшін сілтеме: https://skills.enbek.kz/ru/course-catalog/course/585 .
Жүріп-тұруында қиындықтары бар адамдарды ертіп жүруге арналған жеке көмекшінің кәсіби курсынан өту үшін сілтеме: https://skills.enbek.kz/ru/course-catalog/course/587 .