8 наурыз -Халықаралық әйелдер күніне жыл сайын

8 наурыз -Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға жыл сайын 10 АЕК (2023 жылы-34500 теңге) мөлшерінде, бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 5 АЕК (2023 жылы – 17250 теңге) мөлшерінде біржолғы көмек төленеді. Облыс бойынша 190,0 млн. теңгеден астам сомаға 7500 көпбалалы анаға аталған көмек түрі көрсетілді.