«Әрбір адамға тең мүмкіндіктер»

Ағымдағы жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Әрбір адамға тең мүмкіндіктер» Жолдауы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары И.С.Татваевтың, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Т. В. Берескаяның, мемлекеттік органдар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік көмек көрсету және өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды.