«Еңбек» бағдарламасы

«Еңбек» бағдарламасы

Аз қамтылған отбасылардың табыс деңгейiн ұлғайту және өмiрлiк қиын жағдайдан шығу мақсатында Солтүстiк Қазақстан облысында "Еңбек" бағдарламасы шеңберiнде Жұмыспен қамту шаралар кешенi, оның iшiнде өз iсiн ашу үшiн гранттар беру ұсынылады.

2021 жылы өз бизнес идеяларын жүзеге асыру үшiн АӘК алатын 99 аз қамтылған азамат осы мүмкiндiктi пайдаланды.

Ақжар ауданы Талшық ауылында тұратын Ибраевтар отбасы ағымдағы жылы Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттiк бағдарламасы аясында 500,0 мың теңге грант алды. Алынған қаражатқа отбасы 2 құлын сатып алды. Қазiргi уақытта отбасы өз iсiн табысты дамытып, АӘК алушылар құрамынан шықты.