Уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбе бойынша Мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу. Веб-порталда жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруларды орналастыру. Конкурстық (аукциондық) құжаттама жобасын алдын ала талқылау қорытындылары бойынша жауаптар жасауға қатысу. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурсқа қатысуға өтiнiмдерiн олардың бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан веб-портал арқылы қарау, оның iшiнде қайта қарау. Бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi айқындау. Мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша уәкiлеттi органмен, мемлекеттiк сатып алу саласындағы бiрыңғай оператормен, мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау органдарымен, мемлекеттiк сатып алу порталын техникалық қолдау қызметiмен және өзге де органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау.
Заңнамада көзделген жағдайларда сотқа талап-арыз жолдау. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау.