«Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі бірлескен қаулысының және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат шешімінің жобасына пресс-релиз
Осы актіні қабылдау қажеттілігінің негізі халқы 50 адамнан аз әкімшілік — аумақтық бірліктерді тарату болып табылады. Акт аудандардың жергілікті өкілетті және атқарушы органдары пікірін ескере отырып, «Қазақстан Республикасының әкімшілік — аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 11-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін — өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қабылданады.
Осы қаулы жобасын қабылдау мақсаты:
Солтүстік Қазақстан облысының саны 50 адамнан аз ауылдық елді мекендерін тарату.
«Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік — аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» актінің жобасын қабылдау үшін кәсіпкерлік субъектілері қаржылық шығындарды көтермейді.
Құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және\немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.